Басты  /  мақалалар  /  Тәуелсіздіктің жемісі – Үкіметтік емес ұйымдардың дамуы

Тәуелсіздіктің жемісі – Үкіметтік емес ұйымдардың дамуы

Айқын-ақпарат
2330
Тәуелсіздіктің жемісі – Үкіметтік емес ұйымдардың дамуы Еліміз егеменді ел болған ширек ғасыр уақыт ішінде әлем мойындаған танымал елдердің қатарына қосылды.

Ғасырлар бойы тәуелсіздігін аңсаған қазақ елі, сол тәуелсіздікке қолы жеткен алғашқы күндерден бастап өркениеттік даму жолын таңдап, батыл қадамдар жасай отырып, қыруар жетістіктерге жетті. Біз, бұл жетістіктердің еліміздің Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жүргізген салиқалы саясатының жемісі екенін мойындауымыз қажет. Бұл шынайы шындық. 

ҮЕҰ-дар кеңестік дәуірде де болған, бірақ еліміз тәуелсіздік алғаннан  кейін ғана дами бас­­тады. Қыруар істер күн тәр­ті­бінде тұрған күндердің өзінде Елбасы Үкіметтік емес ұйымдарды дамытуға ерекше көңіл бөлді. Себебі, Үкіметтік емес ұйымдар ұсынатын ал­уан түрлі қызметінің басты мақ­саты – ел азаматтары мен жалпы қоғамның өмір сапасын жақсарту болды.
Елбасы 2000 жылғы «Еркін, тиімді және қауіпсіз қоғамға қадам» атты Қазақстан халқына Жолдауында алғаш рет ҮЕҰ туралы: «Бүгінде Қазақстандағы үкіметтік емес қоғамдық ұйым­­дарының құқық қорғау қыз­ме­тінде де, тұрғындардың ер­ек­­ше қызығушылықтарын дамыту саласында да, қоғамды әлеуметтік қалыптастыруда да атқаратын рөлі өте маңызды», деп атап өтті. Бұл пікір елімізде ҮЕҰ-дың  дамуына  соны қарқын берді. 
ҮЕҰ – ортақ  мақсаттарға  жету үшiн азаматтар және (немесе) мемлекеттiк емес заңды тұлғалар Мемлекеттік заңнамаларға сәйкес ерiктi негiзде құрған коммерциялық емес ұйым. Олар еліміздің барлық әлеуметтік маңызды салаларында нәтижелі жұмыс атқарып келеді. Билік орындарының тиісті шешімдерді қабылдауы барысында оған қоғамның жан-жақты қаты­суын қамтамасыз етудің жаңа жүйесін ұсынып, әртүрлі әлеу­мет­тік мәселелерін көтеріп, мем­лекеттік органдар қызметіне мониторинг жасап, еліміздің қоғамдық және саяси өмірінде белсенділік танытып отыр. Олар қоғамымызға әлеуметтік тұрақтылық пен қарқынды күш беріп келеді.
ҮЕҰ-дың өз термині бар, ол «үшінші сектор». Үшінші сектор – бұл азаматтар жасаған өзін-өзі танытуға және де қоғам үшін маңызды, әлеуметтік өзгерістерге жетуге бағытталған, коммерциялық емес сипаттағы бастамаларды іске асыру мақ­сатын ұстанған ҮЕҰ барлық ба­ғыттарын өзіне жинақтаған ұғым. 
Дамыған демократиялық мем­лекеттер – өркендеген аза­маттық қoғaмдap да болып табылады. Азаматтық қоғам – о­л жеке тұлғаның негiзгi құ­қық­тары мен еркiндiктерi заң жү­зiнде қамтамасыз етiлетiн және саяси қорғалатын, мем­лекеттен тыс қатынастар саласы үйлесiмдi дaмығaн қoғaм.  Қo­ғaм мүдделерiне бағытталған азаматтық бастама – азаматтық қoғaмның маңызды белгiсi. Аза­маттық қoғaмның қалыптасу және даму процесi үшінші сек­тордың дамуымен тығыз бай­ланысты болады.  
Азаматтық қоғамның мақ­саты – азамат пен мемлекет  ара­сында делдал болу, әр жеке тұлғаның мүддесін қорғау, би­лік пен қоғам алдында оның мүддесін ұсыну,  билік қызметіне қоғамдық бақылауды жүзеге асыру. 
Жақында Қазақстан пе­да­­гогикалық ғылымдар ака­де­миясының кезекті ХІV сессиясы өтті. Сессияда Академияның Үкіметтік емес ұйым (ҮЕҰ) ре­тінде даму жолы жан-жақты сараланып, Академияның бел­сенді мүшелеріне Еліміздің Тәуелсіздігінің 25 жылдық ме­рей­тойы құрметіне орай алғыс жарияланды.
Еліміздің білім беру жүйе­сінде де ҮЕҰ-дар белсенді жұ­мыс атқаруда. Соның бірі біздің Академия. Қазақстан ПҒА 2004 жылы, педагог-ғалымдарды топ­тастыра отырып ҚР Білім және ғылым министрлігіне үз­діксіз білім беру жүйесін және педагогика ғылымын дамытуға қолдау көрсету мақсатында құ­рылған болатын. Қазіргі уа­қытта Академия, құрамында 50 ЖОО, колледждерде, білім жетілдіру институттарында, республикалық орталықтарда жұмыс жасайтын 148 академик, 104 корреспондент-мүше, 17 құр­метті академик, 16 шетелдік мүше және 47 ұжымдық мүше бар, еліміздің танымал ҮЕҰ-дың біріне айналып отыр.
Осы уақыт ішінде Білім және ғылым министрлігі ат­қарып отырған көптеген іс-ша­раларға қатысып, ұсынылған құжаттарды талқылауға бел­сенді түрде атсалысып келеді. Министрліктің  Ғылым ко­ми­­тетімен жасалған шарт не­гізінде 20-ға тарта ғылыми-зерт­­теу жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде 30-ға жуық мо­но­графиялық еңбек жазылды. 
Алматы қаласы Әкім­ші­лі­гімен жасалған келісім негізінде маңызды әлеуметтік зерттеулер жүргізіп жатыр.
2005 жылы Академия жа­нынан Қазақстан салыстырмалы педагогикалық кеңесі құрылды. Бұл Кеңес сол жылы Бүкіл дү­ниежүзілік салыстырмалы бі­лім беру қоғамдары кеңесінің мүшесі болып қабылданды. Кеңес мүшелері шетелдерде салыстырмалы білім беру та­қы­рыбында өткен көптеген ха­лықаралық конгресс, сим­по­зиум, конференцияларға қа­­тысты. 2008 жылдан бас­тап, жыл сайын, елімізде Салыс­тырмалы педагогиканың өзек­ті мәселелеріне арналған ха­лықаралық ғылыми-прак­ти­калық конференция өткізіліп келеді. 
2012-2014 жылдары Мә­­дениет және спорт ми­нис­тр­лігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс ко­митетімен жасалған шарт негізінде ғылым мен тех­ни­каның, өндіріс пен мәде­ниет­тің барлық салаларын қамтитын 30 томдық салалық қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздіктер топтамасы әзірленіп, жарық көрді. Оны дайындауға 52 мекемеде – ЖОО, ғылыми-зерт­теу институттарында, ми­нистрліктер мен Парла­ментте, А.Байтұрсынұлы атын­дағы Тіл білімі инс­ти­ту­тында жұмыс жасайтын 144 ғы­лым докторы, 120 ғылым кан­ди­да­ты, жалпы 350-дей адам қатысты. Сөздіктер ҚР Үкіметі жанындағы Терминологиялық комиссиясында қаралып, ма­­құлданды. Осындай ең­бек­­тің нәтижесінде Елбасы тапсырмасы орындалып, қазақ тілінің терминологиялық қоры жасалды. Бұл қорға 250 мыңға жуық термин енгізілді.
«Вестник АПН Казахстана» журналы – еліміздің педа­го­гикалық ғылыми еңбектер жа­рияланатын, импакт-фак­то­ры бар рейтингілі журнал­дар қатарына қосылған, ха­лы­қаралық деңгейі жоғары ба­сылым. Ол Ресей ғылыми ци­тат алу индексі бар ғылыми журналдар тізіміне енгізілді. Бұл журнал авторларына өз­де­рінің Хирша индексін (h-индекс) көтерулеріне ықпал етеді. ҚР білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мем­лекеттік бағдарламасында ға­лымдардың жұмысының өнімділігі жарияланымдарының және осы жарияланымдарға жасалатын сілтемелер санына негізделетін Хирша-индексі арқылы бағаланатыны айтылған.  
Академия Президиумының ше­шімімен  Қазақстан Рес­пуб­ликасының Орта білім бе­ру­ сапасын көтерудің 2015-2029 жылдарға арналған Кон­­цепциясы мен Кешендік бағ­дарламасының жобасы да­йындалып, олар еліміздің бар­лық аймақтарында кеңінен тал­қыланып, жетілдіріліп, Үкіметке тапсырылды. Ака­демия мүшелері Қазақстан Рес­публикасының Білімі мен ғылымын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын жасауға белсене атсалысты.  
Академия 20-дан аса еліміздің және Халқаралық ғылым және білім беру мекемелерімен жасалған шарттар негізінде өзара тиімді жұмыстар атқарып келеді. 
Осы сессияға әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де, Л.Н.­Гу­ми­лев атындағы ЕҰУ-де,­ Қ.Жұбанов атындағы Ақ­тө­бе МУ-де, М.Әуезов атын­дағы Оңтүстік Қазақстан МУ-де, ҚазМемҚызУ-де, А.­Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінде, Қазақ жол қатынасы уни­вер­ситетінде, Қазақ-орыс медицина уни­верситетінде, Қарағанды «Болашақ» академиясында, Ұлттық гвардия Әскери институтында жұмыс жасайтын, осы университеттердің ғылыми кеңесінің шешімімен ұсынылған бір топ ғалымдар келіп, баяндама жасап,  жасырын дауыс беру нәтижесінде Академия мүшелері болып сайланды.   
Сессияда Академия мү­ше­лерінің және еліміздің білім беру жүйесін дамыту мақсатында еңбек етіп жүрген барлық оқы­тушылар мен ғалымдардың жұмысын жандандыру мақ­са­тында, оның бөлімдері мен аймақтық бөлімдерін құ­ру мәселелері жан-жақты тал­қыланып, нақты шешімдер қа­былданды. 


Асқарбек ҚҰСАЙЫНОВ