Басты  /  мақалалар  /  Экономикалық серіктестіктің тартымды үлгісі

Экономикалық серіктестіктің тартымды үлгісі

Сейсен ӘМIРБЕКҰЛЫ
1759
Экономикалық серіктестіктің тартымды үлгісі Біздің одақ құруға бастаған жолымыз екі онжылдыққа созылды. Ол менің 1994 жылы М.Ломоносов атындағы ММУ-де сөйлеген кезімде ұсынылған идеядан нақты іс жүзіндегі шешімге айналды.

Әрбір еліміздің ұлттық мүдделері, экономикалық мүмкіндіктері ескерілген барлық қажетті мемлекетаралық құжаттарды дайындау үшін орасан жұмыс атқарылды. Мұның ар жағында сарапшылардың, саясаткерлердің, депутаттардың, бизнес пен мемлекеттеріміздің жұртшылық өкілдерінің зор еңбегі тұр. Біз ықпалдастығымыз өзге мемлекеттер үшін экономикалық серіктестіктің тартымды үлгісіне айналып, ЕАЭО-қатысушылар саны ұлғаюы үшін бәрін жасауға тиіспіз. Біздің экономикалық одақ – әлемнің барлық ықпалдастық бірлестіктерімен, соның ішінде Еуропалық одақпен де өзара тиімді ынтымақтастық үшін ашық ұйым.

 Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ

 

Бүгінде ТМД кеңістігінде жұмыс істеп тұрған Еура­зия­лық экономикалық одақ – (ЕАЭО) Елбасы Нұрсұл­тан Назарбаевтың аса ірі геосаяси жобасы. Бас­тама 1994 жылы Мәскеуде көте­рілді. Бірақ сол кездегі кейбір кедергілерге байланысты ара­ға жиырма жылдай уақыт са­лып жүзеге асты. Өйткені экономикалық интеграциясыз кеше ғана тәуелсіздік алып, буыны қат­паған республикалардың жеке дара жол тауып, өркен­деп кетуі мүмкін емес-ті. 

Бұрынғы қарым-қатынасты қайта қалпына келтіру қажет еді. Әрине, саяси тұрғыдан емес, тек экономикалық мүдде тұрғысынан. Ақыры солай болды да. Бірақ бұл экономикалық одақ­тың артында кезіндегі КСРО-ның елесі тұр деп үрік­кен­дер көп болды. Әсіресе, Батыс елдері «ТМД кеңістігінде баяғы қызыл империя қайтадан бас көтергелі жатыр» деп, ЕАЭО-ты құбыжық етіп көрсетуге ты­рыс­­ты. Қарсылық көрсетілді. Қы­сымдар да жасалды. Бірақ со­ған қарамастан, экономикалық одақ 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап, өз жұмысын бастады. Одақ құжатында: тауар, қызмет, капитал мен жұмыс күшінің еркін қатынауы, қолданыстағы нақты құжаттармен және халықаралық келісімдермен анықталған эко­номика салаларындағы үй­лес­­­­­тірілген, келісілген және бі­­­рыңғай саясат жүргізілмек деп жазылған. Нақтылай тү­се­­тін болсақ, ЕАЭО туралы ке­лі­сімге Беларусь, Қазақстан Рес­публикасы мен Ресей Фе­де­рациясы президенттері 2014 жылдың 29 мамырында Астана қаласында қол қойған еді. Ал Армения (құжатқа 2014 жылдың 10 қазанында қол қойған) және Қырғыз Рес­пуб­ликасы (2014 жылдың 23 жел­­тоқсанында құжатқа қол қой­­ды) кейіннен қосылды. Еу­­разиялық экономикалық одақ халықаралық құқықтық субъектілікке ие өңірлік ха­лық­аралық экономикалық ық­пал­дастық болып табылады. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Еуразиялық эко­номикалық одақ, ең алдымен, қарапайым адамдар мен олардың мүд­делері үшін құрылды. Бал­тық­тан Тынық мұхитына де­йінгі, Арктикадан Тянь-Шаньға дейінгі орасан кеңістікте Одаққа мүше мемлекеттердің 180 мил­­лионға жуық азаматтары биз­нес жүргізуге, еркін сауда мен жұмыспен қамтылуға, ком­муникацияларды пайдалануға, өңір­аралық ынтымақтастық пен өзара гуманитарлық ық­пал­дастықты кеңейтуге тең мүм­кіндіктер алады. Берік эко­номикалық іргетас құру арқылы біз елдеріміз бен халық­та­рымыздың арасындағы дос­тықты, тату көршілік пен сенімді нығайтамыз» деуі тегін емес. Ақиқатында, Одақтың ең басты мақсаты қарапайым адамдардың тұрмысын арттыруға арналған. Солардың мүдделеріне сай құ­ры­лып отыр. «Бірлік бар жерде тірлік бар» екенінің бір көрінісі – осы. Елбасы бір сөзінде: «1994 жылдың наурызында  мен  ТМД кеңістігінде сапа­лық жаңа интеграциялық бір­­лестік – Мемлекеттердің Еу­­разиялық Одағын құруды тұң­ғыш рет ұсындым. Бұл идея­ны мен Ломоносов  атын­дағы Мәскеу мемлекеттік университетінің академиялық аудиториясында кездейсоқ жариялаған жоқпын. ТМД құ­­рылғаннан кейін екі жыл­дан соң-ақ пайда болған көп­­қырлы интеграциялық үде­ріс­ті тығырықтан шығару жө­ніндегі берік шешіммен бүкіл Достастықтың интеллектуалдық элитасына тікелей ұсыныс жа­са­дым. ТМД-ның уақыттың об­ъективті талаптарына жа­уап бермейтінін және мүше мем­лекеттердің біздің халықтары­мыз аса мұқтаж болып отырған интеграциясын қамтамасыз ете алмайтынын ашық айттым. Сондықтан неғұрлым нақты прин­­циптерде іс-қимылдар жа­сай­тын жаңа мемлекетаралық бір­лестік құру қажеттігі пі­сіп-жетілді. Мәдени және өр­ке­ниеттілік факторлардың ма­ңызын теріске шығармай-ақ, ең алдымен, экономикалық прагматизм негізіндегі интег­ра­цияны құруды ұсындым. Аб­страктілі геосаяси идеялар мен ұрандар емес, экономикалық мүдделер интеграциялық үде­рістердің басты қозғаушысы бол­мақ. Сондықтан болашақ Еуразиялық Одақтың бастапқы негізі – Біртұтас экономикалық кеңістік біздің халықтарымыздың бірлесе табысты дамуының ау­қымды ареалы ретінде болмақ ..» дейді. Қазіргі таңда ЕАЭО-қа әріп­тес, серіктес болғысы келіп һәм еркін сауда аймағын құруға ұмтылып отырған мемлекеттер жеткілікті. Сингапур, Иран, Вьет­­нам, Үндістан, Түркия және Араб мемлекеттерінің біразы, тіпті Латын елдерінің кейбірі одақтың мүшесі болып көрінгісі келеді. Осыдан-ақ, ЕАЭО-тың алдағы уақытта болашағы зор екенін байқауға болады. Жалпы, экономикалық одақ жө­нінде тұшымды пікірлер жетіп артылады. Мәселен, Қыр­ғызстандағы Болашақты зерттеу орталығының директоры Сергей Масаулов: «Менің ойымша, жаңа бірлестікке мүше болуға ұмтылудың басты себебі – оның беретін артықшылығында. Бұл, ең алдымен, елдегі өнім өн­діру секторының қайта жан­данатыны. Яғни, ұлттық өн­діріс дамиды. Тұңғыш рет ел­де негізгі экономикалық ба­за­ның, ұлттық өндірістің жан­дануына қажет жағдайлар жа­салады» десе, «Еуразиялық идеялық шеберханасы» қоры сараптамалық кеңесінің тө­раға­сы Григорий Трофимчук: «Одақ аясын кеңейту барысында мәселелер туындамас үшін, Еу­­разиялық экономикалық одақ­­тың имиджімен жұмыс жа­сау керек. Яғни, өзге елдер бұл одақ­қа мүшелікке өтуге қы­зы­ғу­шылық танытатындай болуы шарт. Тағы бір айта кетерлігі, әлемдік қауымдастық одақтың құрылуы бұрынғы Кеңес Одағын жандандыруға бағытталған қа­­дам емес екендігін жақсы тү­сі­нулері қажет. Сондықтан оның құрамына Кеңес Одағына кірмеген елдерді тартқан жөн. Еуропадан Азияға ұмтылған елдерді назардан тыс қалдырмау қажет. Олар Еуразиялық эко­но­микалық одақтың геосаяси сал­мағын арттыра түседі» дегенді ай­тады. Әрине, енді ғана шаңырақ құрып, тірлігін жүргізе бастаған ЕАЭО жөнінде әзірге кесіп-пішіп қорытынды айта қою қиын. Белгілі экономика саласының са­рап­шысы Ілияс Исаев та осы пікірде. «Экономикалық ин­те­грация қысқа уақыт ішінде жүзеге аса қоюы мүмкін емес. Мәселен, Еуроодақ бұған кем дегенде 50 жылдан кейін келді.Сол секілді ЕАЭО-та бірден же­місін бере қояды деу артық. Әлі шешілмеген мәселе көп. Жалпы, одақтың толыққанды жұмыс істеуіне көп нәрсе әлі жетіспейді. Баға, инфляция және еңбекақының бірдей болуына уақыт керек. Экономикалық ин­­теграция бір күнде, бір жылда бола қалатын дүние емес. Белгілі бір уақытты қажет етеді» дейді сарапшы.


 

 

Гүлшат НҰРЫМБЕТОВА, 
Саяси ғылымдардың докторы, профессор:

Одақтың келешегі үлкен
Кез келген бірлестік, ұйым қысқа уақыт ішінде төрт аяғын тең басып кете алмайды. Бел­гілі мерзім керек. Мәселен, Еу­роодақта бүгінгі деңгейге бір күн, бір жылда жетпегені мә­лім. Мәселен, 1951 жыл – кө­мір мен болаттың Еуропалық бір­лестігі, 1957 жыл – ортақ на­рық, тек 80-жылдардың соңы мен – 90-жылдардың басында Маастрихт ке­лісіміне қол жет­кізіп, Еуропалық одаққа бі­рік­ті. Ортақ валюта 2000 жылдары ен­гі­зілді. 50 жыл­дық тарихы бар.­ Ал оның жанында ЕАЭО әлі «жөр­­­­гекте» жатқан сәбимен тең. Де­генмен ЕАЭО-мен еркін сауда аймағын құруға 40-тан астам ел ұмтылып отыр. Егер жағдай осылай жалғасатын болса, тү­бі ЕАЭО Еуроодақтың өзін ығыс­ты­ратын болады. Алайда кеше ғана ЕАЭО құрамына енген Армения мен Қырғызстан Ресей, Қазақстан және Белоруссия сияқты қуатты ел ме? Саяси құ­ры­лымы, экономикасы әлеуетті ме? Өкінішке қарай, олай емес. Сон­дықтан аталмыш екі ел сияқ­ты халахуалы төмен елдерді то­­пы­р­латып мүшелікке алып, саяси тұрғыдан қараны көбейтуге болар, ал экономикалық жағынан алғанда мешеу, арамтамақ ел­дер­ді «асырау» өте тиімсіз. Шын­дығы сол, санкциялардан әл­сі­ре­ген Ресей мен Қазақстан эко­номикалары өздерінен де әл­жуаз ойыншыларға демеу бо­ла ала ма? Нақты жауап айту қиын­дау. Әрине, ЕАЭО-ға керегі Вьетнам секілді жедел дамып келе жатқан елдер. Бүгінде ЕАЭО-ға өтуге бі­­рінші кезекте барлық Кавказ рес­публикалары, Түрікменстан, Моң­ғолия, Өзбекстан мүдделі. Тіпті Түркия мен Үндістан, Пәк­стан да Еуразиялық эконо­ми­ка­лық одаққа оң көзбен қарай­ты­ны белгілі. Бір қарағанда, одақ­­тың келешекте маңызы зор. Мүмкіндігі шектеусіз. Ел­басы Нұрсұлтан Назарбаев «Ық­палдастыққа балама жоқ деп санаймын, сондықтан біз тиісті үдерістерге бастамашылық етіп отырмыз. Еуразиялық эко­но­микалық одақ жұмыс істеп тұр. Бүгінгі қиындықтарға қара­мас­тан, мен оның болашағы зор деп сенемін» дегені белгілі. Рас, ЕАЭО көптеген елдердің қызығушылығын тудыратын бе­­делді сауда-экономикалық бір­лікке айналып келеді. Түрлі елдермен сауда-экономикалық байланыстарды жоспарлы түрде дамыту,олармен қызметтесу туралы келісімге отыру ортақ нарықтың кеңеюіне мүмкіндік берері сөзсіз. Дегенмен одақтың әлеуетін арттыру үшін, мүшелікке алғашқы кезде әлжуаз елдерді тартқаннан гөрі, саяси тұрғыдан да, экономикалық тұрғыдан да­ әлемде өзіндік салмағы бар Түркия,Үндістан секілді алпа­уыттарды қатарға алған жөн бо­лар еді деп ойлаймын.