Басты  /  мақалалар  /  Ердоғанның көздегені не?

Ердоғанның көздегені не?

Айнұр Қазыкенова
2519
Ердоғанның көздегені не? Кеше кешкісін Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Өзбекстанға ат басын тіреді. Неге? Мұның бірнеше себебі бар.

Әрине жазда  ғана  мемлекеттік  төңкерістің алдын алып,  ондаған мың адамды қамап, ондаған  мың адамды жұмыстан  қуған  Түркия  үшін  дәл қазір  өзгеден  гөрі  түркі  жұртының  қолдауы  керек-ақ.  Бұл бір. Екіншіден Өзбекстанды  марқұм Ислам Кәрімов  билеп  тұрғанда   түп тамыры  бір  болсада Түркияны  жақындатқан жоқ. Алыстан  ғана  сыйласты. Ортада бір  салқындық  болды. Бәлкім бұл  салқындық сонау АқсақТемір  мен Ілдірім Баязит сұлтан кезінен қалған болуыда  мүмкін.Дегенмен  қазір Ислам  Кәрімов  жоқ. Оның орнын  әзірге Шавкат Мирзияев  басып  отыр. Тіпті желтоқсанда  өтетін  президенттік  сайлауда да  оның жеңетініне  ешкімнің  күмәні жоқ. Қазір Мирзияев  елде біраз  жылымық  орнатқан. Көрші-қолаңмен де  қарым-қатынасты  жақсартты. Сыртқы  саясатта да  бет бұрыстар жасай  бастады. Мұны Ердоған  көрмей  қалған  жоқ. Көрді. Сосын алдағы уақыта  барыс-келісті жақсарту үшін  Өзбекстанға  арнайы  ат басын бұрды. Өйткені  32 миллион халқы  һәм тастүйін саясаты  бар Өзбекстан Түркияға аса  қажет. Бұдан  қала берсе, көп ұзамай Қытайдың  «Жібек жолы»  бағдарламасы  Өзбекстан  жері арқылы  өтпек. Бұның бір тармағы  Түркияға барары анық. Бұл бағдарламаға Қытай миллиардтаған  қаржы  салып  отырғаны анық. Өйткені Шығыстан  Батысқа, Батыстан Шығысқа  тауар  нөпір алдағы уақыта  осы  жол арқылы құйылмақ. Демек  бұл пайдадан Түркияда  қалыс қалғысы  жоқ. Сондай-ақ  Орта  Азияда  негізгі  мемлкеттің  бірі болып саналатын Өзбекстанмен  жақсы болу  Түркия үшін саяси  мәні бар. Өйткені Кәрімов   дүниеден  өткелі Өзбекстан  үшін тартыс  басталды.  Мұнда  Ресейдің де, Қытайдың  да,  АҚШ-тың да т.б   елдердің  де  мүдделері  бар. Әркім бұл аймақта әр  түрлі  мүдде  тарапынан  саясат  жүргізгісі  келеді.  Түркияда  соның бірі. Кәрімов  билеген  Өзбекстан  ешкімге  ыңғай  танытпаған.  Тіпті  кеше  ғана  бір көрпенің астында  болған ТМД елдерінде  құрылған түрлі ұйымдарғада осқырына  қарады. Ендігі Өзбекстан  қалай  болмақ? Әзірге  белгісіз. Бір  белгілі  жайт, ресми Ташкент  Батыс елдеріне  енді  шекесінен  қарай  бастаған  сияқты.  Кеше  ғана Орта  Азия  бойынша  Ташкентте  орналасқан НАТО-ның өзге елдермен  байланыс  орталығын  жауып  тастады. Неге? Әзірге  оның себебі белгісіз. Бір белгілі  жайт, 2001 жылы Ауғанстандағы  терорлық  топтарды  талқандау үшін АҚШ бастаған коалиция  күштеріне көмек  ретінде  өз  жерінде АҚШ  әскери базасын  ашуға  рұқсат  берген еді. Кейіннен  Әндіжан оқиғасынан кейін  Кәрімов ол базаны жауып  тастаған еді. Ендігі  мәселе мынау. Демек ресми  Ташкент Батыс елдеріне деген көзқарасын  өзгерте бастаған  сынды. Ал Ердоғанғада  сол керек. Алдағы уақытта Түркияның ықпал ету  аймағына енгізгісі бар. Сондай-ақ  Түркияда  соңғы кезед Батыс  елдеріне қырын қарай  бастаған  мемлекет. Демек  Өзбекстанға  да, Түркияға да  ойы бір жерден шығатын  одақстас керек –ақ. 

                            Айнұр  Қазыкенова