Негізгі бет  /  мақалалар  /  Ақмола облысы алға шықты

Ақмола облысы алға шықты

Айқын-ақпарат
1079
Ақмола облысының әкімі, «Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалының төрағасы Сергей Кулагиннің төрағалығымен өткен есептік сайлау конференциясына өңірде өткен бастауыш партия ұйымдары мен аймақтық филиалдарды ұйымдастырылған конференциялар негіз болды.

Конференция жұмысына «Нұр Отан» партиясы саяси кеңесінің мүшесі Фархад Қуанғанов, «Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Бекмағамбетов, аудандық партия филиалдарының, аумақтық партия филиалдарының төрағалары, партия жақтастары мен делегаттары қатысты.

Өңір басшысы облыс бойынша жүріп жатқан қоғамдық-саяси бағдарламалардың басым көпшілігі «Нұр Отан» партиясының жетекшілігімен іске асып жатқандығын атап өтіп, өз баяндамасында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына тоқталып, ауыл шаруашылығы, өндіріс, индустриалды-инновациялық бағдарламаның іске асуымен таныстырды.

Ағымдағы жылдың 10 айының қорытындысы бойынша өңірде әлеуметтікэкономикалық дамуының оң өсімі сақталған.

Өнеркәсіптік өндіріс көлемі 326,2  млрд теңгені құраған. Ауылшаруашылығы саласы бойынша жалпы өнімнің көлемі 320,0 млрд теңге, болса  физикалық өндіріс көлемі 110,1 пайызға жетті.

Ауыл шаруашылығы өнімдері мен өнеркәсіп өндірісінің өсуі Ақмола облысын республикада алдыңғы орындарға шығарды.

Астана маңындағы азық-түлік белдеуі бойынша биылғы жылы 9,8 млрд теңгенің 11 жобасы іске асырылуда. Оның ішінде 605 млрд теңге көлеміндегі алты жоба жүзеге асқан. Шағын және орта бизнес саласындағы белсенді субъектілердің саны 48,1 мың бірлікті немесе 93,7 пайызды құрайды.

Облыс бойынша тұрғын үй құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Бүгінгі таңда 303 мың шаршы метр (148 пайыз) тұрғын үй пайдалануға беріліп, тағы да 2790 отбасы тұрғын үймен қамтылмақ.

Облыс әкімі Сергей Кулагин ел тәуелсіздігінің 25 жылдығын жоғарғы деңгейде атап өтіп, жақсы көрсеткіштермен есте қалдыру керектігін айтты.

«Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің мүшесі Фархад Қауанғанов өз сөзінде партияның жаңа бағдарламаларымен таныстыра отырып, «аталған жобалар ғылыми, техникалық, әлеуметтік-экономикалық жағынан тиімді және жүзеге асырылатын және еліміздің ғылыми, техникалық, әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешуге ықпал етуі тиіс», – деп атап өтті.

Конференция барасында БПҰ төрағаларының есептері тыңдалып, партия филиалы Саяси кеңесінің құрамы бекітілді. Конференция барысында облыстық партия төрағасы ретінде бірауыздан облыс әкімі Сергей Кулагин қайта сайланды. Іс-шара соңында өңір басшысы белсенді қызметі мен ерен еңбегі үшін бірқатар партия мүшелері мен үздік БПҰ алғыс хаттармен марапаттап, жұмыстарын табыс тіледі.

Жамбыл ҚЫРҒЫЗБАЙ