Негізгі бет  /  мақалалар  /  «ТӘУЕЛСІЗДІК – ЕЛ ТІРЕГІ!»

«ТӘУЕЛСІЗДІК – ЕЛ ТІРЕГІ!»

Айқын-ақпарат
1317
«ТӘУЕЛСІЗДІК – ЕЛ ТІРЕГІ!» «Нұр Отан» партиясы Қазалы аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Бақытты балалық шақ» партиялық жобасы аясында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай «Тәуелсіздік – ел тірегі» атты тақырыпта сурет салудан байқау өтті.

Байқауға Әйтеке би кентіндегі №266 мектеп-лицейінің 6-10-сынып оқушылары  қатысты.

Шараның негізгі мақсаты – оқушыларды өнерге баулу, туған елге, жерге деген сүйіспеншілігін ояту, өз еліне мақтаныш сезімін қалыптастыру және ортақ құндылыққа,  ұлттық бірлікке тәрбиелеу, балалардың шығармашылық қабілетін дамытуға көмектесу.

«Нұр Отан» партиясы Қазалы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, аудандық мәслихаттың депутаты  Қасқырбек Мәмбетжан салтанатты жиында оқушыларды ел тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесімен құттықтады. Ол өз сөзінде  тәуелсіз еліміздің тізгінін ұстап, еліміздің 25 жыл ішінде жеткен жетістіктерін ары қарай еселендіру, қазақ елін әлемге таныту үшін жақсы білім алып, сол білімді ел болашағына жұмсау  жас ұрпаққа парыз екенін айтты.

Шара аясында балалар өз өнерлерін ортаға салып, бәйтеректің, ашық аспанда қалықтап ұшқан қыранның, бас  қаламыз Астананың суреттерін салды. Оқушылар тәуелсіз еліміздің әлем таныған бейнесін мақтан тұтатынын әрбір суреттері арқылы ашып көрсетті.

Байқау барысында мектеп-лицейдің 6-сынып оқушысы Жандәулет Бағдаулет өзінің салған суретін таныстырды.  «Мынау менің Қазақстаным. Тәуелсіз елімнің көзтартар бейнесін және оған деген сүйіспеншілігімді осы суретіммен білдірдім. Мен өз еліммен мақтанатынын» дейді ол.

Байқаудың нәтижесі бойынша балалардың еңбектері еленіп, жеңімпаздар аудандық партия филиалының арнайы дипломы және алғыс хаттарымен марапатталды. 

 

Миуа БАЙНАЗАРОВА,

Қызылорда қаласы