Негізгі бет  /  мақалалар  /  Қазақстан лаңкестік индексінде 94-ші болып тұр

Қазақстан лаңкестік индексінде 94-ші болып тұр

Айқын-ақпарат
808
Қазақстан лаңкестік индексінде  94-ші болып тұр Қазақстан 130 орыннан 94 орынға тұрақтап, лаңкестікке ықпалы төмен дегейдегі топқа кірді. Лаңкестіктің жаһандық индексі туралы есепті Экономика және әлем институты жариялады.

  Есепке сәйкес лаңкестікке ықпалы жоқ елдер: Уругвай, Түркіменстан, Словения, Солтүстік Корея, Сингапур, Польша, Коста Рика, Куба, Латвия, Литва Ангола, Того, Словакия, Сальвадор, Сьерра-Леоне, Жаңа Гвинея, Оман, Намибия, Малави, Маврикий, Моңғолия, Гаити, Гамбия, Габон, Ботсвана, Бенин, Замбия, Румыния, Свазиленд, Шығыс Тимор, Панама мен Гайана. Атап өтсек, терроризм индексінде Ресей - 30 орында,  Беларусь Республикасы - 86, Украина - 11, Қырғызстан - 84, Өзбекстан - 117.

Лаңкестіктің жоғары қаупі бар алғашқы үш жолда Ирак, Ауғанстан, Нигерия тұр. Олардан кейін Пәкістан, Сирия, Йемен, Сомали, Үндістан және Мысыр бар.

Экономика және әлем институты жыл сайын  әлем елдеріндегі лаңкестік белсенділік деңгейін өлшейтін кешенді зерттеу жүргізеді және қай мемлекеттер және қай ауқымда террорлық қауіпке бетпе-бет келетінін көрсетеді. Лаңкестік индексі төрт көрсеткіш бойынша есептеледі: террорлық оқиғалар саны, қаза тапқандар саны, зардап шеккендер саны, материалдық шығын деңгейі.

 

ҚазАқпарат