Негізгі бет  /  мақалалар  /  Путиннің көлігі кімге бұйырады?

Путиннің көлігі кімге бұйырады?

Жолдасбек Дуанабай
1271
Путиннің көлігі кімге бұйырады? «АҚШ-та не сатылмайды» деудің өзі қиын. Бәрі сатылады. Сондай сауда туралы Craiglist сайтында хабарландыру жарияланды. Онда Ресей президентінің тұңғыш көлігі саудаға қойылғандығы айтылады.

1980 жылы зауыттан шыққан «ЗАЗ-968А» жеңіл көлігі бүгінгі жастардың күлкісін келтіргенімен, оның тарихи маңызы зор. Кеңестік көліктің таңғажайып тұстарын сәтті пайдаланған сатушылар ақша табу үшін алақандарын ысқылап отыр.
Сиэтл қаласында тұратын азаматтың  «Запорожец» көлігінің бабында тұрғанын және дөңгелектерінің де жаңа екендігін ескертеді.  Көлік иесі баламасы жоқ «ЗАЗ-968А» темір тұлпарын кезінде Владимира Путиннің мінгенін мақтанышпен айтып, сауданы қыздырып жатыр.  
Автокөлік АҚШ-қа Вашингтон штатындағы Айсаква қаласындағы кеңестік көліктердің «Sovietcar» көрмесіне жеткізілген. Көрмедегі дүниенің енді қолды болатын түрі бар. Машина 9750 долларға бағаланып отыр.