Негізгі бет  /  мақалалар  /  Жер қашан жарылады?

Жер қашан жарылады?

Жолдасбек Дуанабай
1385
Жер қашан жарылады? Әлем халқы үрей билеген үйде отырғандай күй кеше бастады. Интернеттің игілігін қайдам қай дам, қорқынышы басым болып барады. Соның бірі жер шарының жарылып, ақырзаман болатындығы.

Соңғы кездері NASA ғарышты зерттеу орталығының мамандары әлем халқын алдын ала сақтандыратын құрылғы жасай бастады. Ол адамзатқа қауіп төндірген кез келген астероидты тауып, кемі бес күн бұрын дабыл қағады. 
Астероид 1,5 миллиард адамның өмірін жалмай алады екен. Олардың саны ондап, жүздеп саналатындығын ескерсек, шын мәнінде жерге қауіп бар. Бірақ ақырзаманның ақырын анықтау нақты болмай тұр.
Жер шарының әр шалғайындағы ғарыш агенттіктері де қатерге қарсы тұру үшін жаппай жұмыс істей бастаған.  Алайда қорғанысымыздың қаншалықты мықтылығы әлі күнге белгісіз. Мәселен NASA ойлап тапқан Scout жүйесі әзірше сынақтан емес, тесттен ғана сәтті өткен. Ол PAN-STARRS телескопы арқылы 2016 UR36 астероидын алдын ала анықтай алады. Ай мен күннің ортасында қалқып жүрген көлемі 5 тен 25 метрге жететін тастың талқанын шығармаса, ол шын мәнінде жұмыс жерді «жұтып» қоюы әбден мүмкін екен. Дегенмен ғалымдар оны жерге жетуге 1-2 сағат қалғанда ғана анықтай алады. 
2018 жылы НАСА NEA Scout деп аталатын шағын ғарыш кемесін кеңістікке шығарады. Ол Scout жүйесіне көмектесіп, астероидты анықтауға дәнекер  болмақ. Әзірше көктен төнетін тажалға қарсы АҚШ ғалымдары даярланып жатыр.