Негізгі бет  /  мақалалар  /  «Бәйтеректің» 3 менеджері парамен ұсталды (видео)

«Бәйтеректің» 3 менеджері парамен ұсталды (видео)

Айқын-ақпарат
850
«Бәйтеректің» 3  менеджері парамен ұсталды (видео) Мемлекеттік «Нұрлы жол» бағдарламасына бөлінген қыруар қаржы да талан-таражға түсе бастады. Жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро еліміздегі тұрғын үй құрылысына жауапты ұлттық «Бәйтерек» холдингінің 3 лауазымды менеджерін парамен ұстады.

Қолдарына кісен салынғандардың бірі холдингтің еншілес компаниясы «Бәйтерек Development-тің» басқарма төрағасының орынбасары Аслан Жақыпов. 40 жастағы топ-менеджер Мәжілістің экс-спикері Қабиболла Жақыповтың ұлы. Ол «Бәйтерек Development-тің» басқарушы директорлары Бауыржан Әйтімбетов және Ғазиз Сариевпен ауыз жаласып «Нұрлы жол» бағдарламасына бөлінген қыруар қаржыны тендерден кәсіпкерлерге алып беру үшін ауысбастырық алып отырған. Топ-менеджерлердің үшеуі де кезекті 28 миллион теңгені алу сәтінде қолға түсті. Бұл ақшаға Павлодар қаласында бюджеттің 3 миллиард теңгесіне салынып жатқан 9 қабатты үйдің актісіне қол қойып бермек болған. Тергеу материалдарына қарағанда , топ-менеджерлер арзан үй салуға бөлінген қазына қаржысын осылай жүйелі түрде жымқырумен айналысыпты.

 

КТК