Негізгі бет  /  мақалалар  /  «Нұр Отан» партиясы: Ынтымақтастық, қайырымдылық және қолдау

«Нұр Отан» партиясы: Ынтымақтастық, қайырымдылық және қолдау

Айқын-ақпарат
1050
«Нұр Отан» партиясы:  Ынтымақтастық, қайырымдылық және қолдау Достық кездесу

Кеше Астана қаласында «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Түркияның Қазақстандағы елшісін қабылдады.
Кездесу барысында Мұхтар Құл-Мұхаммед пен Невзат Уянык бауырлас халықтар арасындағы достықтың, өзара құрметтің және әріптестіктің айтар­лықтай жоғары деңгейде екеніне тоқ­талды. Өз сөзінде елші мырза Қазақстан Президентінің Түркияда зор беделге ие екенін атап өтті.
Қазақстанның тәуелсіздігін бірінші болып Түркияның мойындауы да кез­дейсоқтық емес. Ал Түркия президенті Тұрғыт Озалдың біздің елімізге тәуел­сіздіктің жариялануынан бірнеше ай бұрын келуі де екі ел арасындағы қарым-қатынастың күшеюіне үлкен үлес қосты. Сондай-ақ Т.Озалдың Қазақстанға келген шет мемлекет басшыларының арасында алғашқылардың бірі болуының да мәні жоғары. Содан бері Қазақстан мен Түркия ынтымақтастығы тұрақты түрде нығайып, бүгінде стратегиялық масштабқа жетті.
Сонымен қатар Невзат Уянык Түр­кия Қазақстанның Нұрсұлтан Назарбаев айқындап берген экономикалық даму жолын толық қолдайтынын және оны жемісті жүзеге асыру үшін барлық жа­ғынан көмектесетінін жеткізді. Елші, әсіресе, Қазақстанның алдыңғы қатарлы ең дамыған 30 елдің қатарына қосылу жоспарын, «ЭКСПО – 2017» ха­лықаралық көрмесін өткізу, «Астана» Ха­лықаралық қаржы орталығын құру бастамаларына ерекше назар аударды. Одан бөлек, «Нұрлы жол» инфра­құ­рылым­ды дамыту бағдарламасының маңыздылығын тілге тиек етті.
Кездесуде қазіргі таңда Қазақстан – Түркия ынтымақтастығының беки тү­суіне екі ел басшыларының өзара қарым-қатынасы да зор септігін тигізіп отыр­ғаны айтылды. Себебі, Қазақстан мен Түркия президенттерінің байланысы нағыз туыстық қатынасқа негізделген. Сондықтан да Нұрсұлтан Назарбаев жуыр­да Түркияда болған мемлекеттік төң­керіс жасауға әрекеттенген жағдайдан кейін мемлекет басшыларының ішінен бірінші болып аталған елге барып, досы және әріптесі Режеп Тайып Ердоғанға қолдау білдірген еді. Сондай-ақ Қазақ­стан Президенті Ресей – Түркия байла­ны­­сының жандануына да тікелей әсер етіп, Мәскеу мен Анкара арасындағы ушыға түскен кикілжіңнің оң шешімін тапты.