Негізгі бет  /  мақалалар  /  «ҰЛЫ ДАЛА БАТЫРЛАРЫ» ФИЛЬМІ КӨРСЕТІЛДІ

«ҰЛЫ ДАЛА БАТЫРЛАРЫ» ФИЛЬМІ КӨРСЕТІЛДІ

Айқын-ақпарат
1189
«ҰЛЫ ДАЛА БАТЫРЛАРЫ» ФИЛЬМІ КӨРСЕТІЛДІ

Алматыдағы 28 гвардияшы-панфиловшылар паркінде қазақстандық батырлар ерлігінің 75 жылдығына орай өткен шараға 200-ден аса ардагер мен жастар, қала гарнизонының жауынгерлері, «Жас Ұлан» мен «Арыстан» арнаулы лицей курсанттары жиналып, «Мәңгілік алау» жанына гүл шоқтарын қойды.
Бұдан кейін ҚР Қорғаныс министр­­лігінің Армия үйінде «Нұр Отан» пар­тиясының қолдауымен ұйымдастырылған «Ұлы дала батырлары» фильмінің тұсау­кесеріне Ұлы Отан соғысының ардагер­лері, Мәскеу шайқасының куәгерлері мен студент-жастар, БАҚ өкілдері қатысты.
 «Ұлы дала батырлары» фильмі Мәс­кеу­дегі 1941 жылғы соғыс майданындағы әс­кери-панфиловшыларының ерлік істерін баяндайды. Тарихтан белгілі, 1941 жылдың соңына қарай Шығыс майданнан Мәскеу қаласына шабуыл жасалынып, «Орталық» әскери тобының «Тайфун» атты операциясы жүзеге асырыла бастады. Неміс-фашистер Брянск пен Вязьма түбіндегі кеңес әскер­леріне шабуыл жасап, 660 мың әскердің қор­шауда қалу қаупі төнді. Дәл сол кезеңде, дәлі­рек айтқанда 14 қазанда, Алматыда жа­сақталған 316-ат­қыштар дивизиясы Батыс майдандағы 16-армияға келіп қосылып, қиын жағ­дайдың түзелуіне үлкен көмегін тигізді. 
– Таза қазақстандықтардан Алматыда құралған 316-панфиловшы атқыштар ди­визиясының сол бір сұрапыл шайқаста 16-18 қараша күндерінде көрсеткен ерлігі аға ұрпақ өкілдерінің нағыз интернацио­нал­дық үлгісі саналады. Арада 75 жыл өтсе де, сол ұмытылмас ерен ерліктің жаң­ғырығы қазақстандық патриотизмді қа­лыптастыруға, еліміздің бірлігі мен ынты­мағын нығайтуға, халықты Мәңгілік ел идеясы аясында топ­тастыруға ықпалы зор, – дейді «Генералдар кеңесі» РҚК пре­зидиумының төрағасы, юстиция генерал-майоры Рүстем Хайдаров.
Фильмнің тұсаукесері аясында Ұлы Отан соғыс ардагерлері мен Мәскеу шайқасының әйгілі куәгерлерімен сұхбат өткізілді. Ұлы Отан соғысының ардагері Тамара Максимова сол алапат соғыстың қиын кезеңдеріндегі оқиғаларды еске алып, оларды мәңгілік есте қалдыру, ерліктерін қастерлеу баршаның парызы екенін атап өтті.
Серік САДЫР