Негізгі бет  /  мақалалар  /  Аудандарда емханалар ашылады

Аудандарда емханалар ашылады

Айқын-ақпарат
1100
Аудандарда емханалар ашылады «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалында Қарағанды облысы демократиялық күштер коалициясының отырысы өтті.

Отырыста «ҚР Тәуелсіздігінің 25 жыл­дығын меркелеуге арналған шаралар туралы», «Қарағанды облысындағы ден­саулық сақтау саласындағы жетістіктер мен жекеменшік медицинаны дамыту» мәселелері қаралды. 
Шараға «Нұр Отан» партиясының Қа­рағанды облыстық филиалы төраға­сының бірінші орынбасары Қадиша Оспанова, облыстық мәслихат депут­тары, саяси пар­тиялар жетекшілері, ҮЕҰ өкілдері қа­тысты.
Отырыста Қарағанды облысының Ішкі саясат басқармасының бөлім басшысы Шахмарал Қабылова облыс бойынша жыл ішінде тәуелсіздікті мерекелеуге арналған 510 шара өткізу жоспарланғанын хабар­лады. Бүгінгі күнге дейін, 211 шара өт­кізілген. Форум­дар, акциялар, дөңгелек үстел, семинар түрінде әртүрлі форматта өткізілген.
Жиналғандардың алдында Қара­ғанды облысының денсаулық сақтау басқарма­сының басшысы Ержан Нұр­лыбаев есеп берді. «Қазіргі таңда 41 жекеменшік кә­сіпорын тұрғындарға мемлекетпен кепіл­дендірілген қызмет көрсетеді. Әрі жеке­меншік медициналық ұйымдар нарыққа өздерінің жоғары сапалы тех­нологиясын, біліктілігі жо­ғары кадрлары мен соңғы үлгідегі құрал­дарын алып келді» деді басшы.
Ержан Нұрлыбаевтың айтуынша, облыста медқызмет аясын кеңейту мақ­сатында мемлекеттік-жекеменшік әріп­тес­тік принципі жүзеге асуда. Биыл баланы дүниеге әкелетін ұйымдарда УЗИ-диагностика кабинеттері, Қара­ғанды қаласындағы №1 қалалық ау­руханасында компьютерлік томограф орнату аяқталуға жақын. Желтоқсан айында Шахтинск қаласында гемодиализ бөлімшесі, Балқаш пен Жезқазған қала­ларында офтальмо­логиялық диагнос­тика бөлімшесі пайда­лануға берілді.
2017 жылы 9 жобаны іске қосу жос­парланған. Қарағанды қаласында халық көп қоныстанған аудандарда емханалар ашу көзделіп отыр. Екі жыл ішінде жо­баны жүзеге асыру үшін 4 млрд теңге жұм­салмақ.
Отырыста қатысушыларға тиісті ұсы­­ныстар жасалды. Мәселен, ҚР Тәуел­­сіздігінің 25 жылдығына арналған шара­ларды өткізгенде халықты неғұр­лым көп қамту, міндетті әлеуметтік ме­ди­циналық сақтандыруды енгізу бойын­ша жұмыс­тарды жалғастыруға кеңес берілді. 2017 жылдың 1 шілдесінде ен­гізілетін жоба мем­лекеттің, жұмыс берушінің және жұмыскердің жауап­кершілігін анық­тайды. Халыққа сапалы медици­налық қызметті қолжетімді ету, сала­матты өмір салтын насихаттау, ай­мақтық және ұлттық деңгейде аурулар­дың та­ралмауына болжам жасау мен ұзақ мер­зімді модельдеу жүйесі бойынша жұмыс­тарды тұрақты түрде жүргізу талқыға түсті.
 Ләззат ҚОЖАХМЕТОВА,
Қарағанды облысы