Негізгі бет  /  мақалалар  /  Тәуелсіздік – киелі ұғым

Тәуелсіздік – киелі ұғым

Айқын-ақпарат
1079
Тәуелсіздік – киелі ұғым «Нұр Отан» партиясы Ақтау қалалық филиалында ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Ұлт болашағы – бірлікте» тақырыбында сұхбат алаңы өтті.

Кездесуге колледжде оқитын жастар мен жоғары сыныпта оқитын белсенді жастар қатысты.
Бұл жолы жастармен кездесуге Ақтау қалалық филиалының «Ардагер» бастауыш партия ұйымының төрағасы Аюп Нұрма­ха­нов келді. 
– Бұл бастауыш партия ұйымында 500-ден аса мүше бар. Олар ел үшін еңбек еткен еңбек ардагерлері, зейнеткерлер. Олар бүгін­де жастарға патриоттық тәрбие беру жұ­мыстарына атсалысуда. Бүгінгі шарада мен елдегі бірлік, ынтымақ жайында сөз қозғап, еліміздің тәуелсіздік жылдарында қол жет­кізген жетістіктерін әңгімеледім. Жастарға білімді болып, сол білімі арқылы ел дамуына үлес қосып, қолда бар байлы­ғымыз – бейбіт­шілігімізді бағалау тұрғы­сынан ой бөлістім. Одан бөлек, Ұлт жоспа­рының 100 нақты қадамындағы басым бағыттарды талқыла­дық, – дейді 70 жастағы ақсақал Аюп Нұрмаханов. 

Венера МИРЛАН,
Маңғыстау облысы