Негізгі бет  /  мақалалар  /  Мейірімділік – ғажайып өмір есігі

Мейірімділік – ғажайып өмір есігі

Айқын-ақпарат
1375
Мейірімділік –  ғажайып өмір есігі «Нұр Отан» партиясы Байқоңыр филиалының ұйымдастыруымен «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында «Мейірімділік – ғажайып өмір есігі» атты қайырымдылық акциясы өткізілді.

 Өтінішпен келген жалғыз ілікті қарт Ниязкүл есімді апай Ресей елінің Орынбор қаласына көзіне ота жасауға жолдама ал­ғанын, бірақ зейнетақысы жетпей тұрған­дықтан «Нұр Отан» партиясы Байқоңыр филиалынан 12 000 рубль (60 000 теңге) көлемінде барып келу жол шығынына қаржылай көмек сұраған.

 «Нұр Отан» партиясы Байқоңыр филиалы төрағасының бірінші орын­басары, облыстық мәслихат депутаты Әнуар Дәуленбаев, Қармақшы аудандық мәслихатының депутаты Еркін Рзалиев және кәсіпкер Сейіл Жұмадияров қарияға қаржылай көмегін беріп, сәтті сапар тілеп, әрқашанда көмек қолын созуға әзір екенін жеткізді.
Өз кезегінде Ниязкүл апай қол ұшын бергендерге шексіз алғысын білдіріп, батасын берді.
Жалпы, жыл басынан бастап «Нұр Отан» партиясы Бай­қоңыр филиалына «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында он бір өтініш келіп, оның үшеуі оңды шешілген. 
«Партияның ең басты міндеті – ерекше мұқтаждағы бар адамдардың құқықтарын қорғау, барлық әлеуметтік қа­жеттіліктеріне қол жеткізу, оларға кедергісіз ортаны қа­лыптастыру. Мүмкіндігі шектеулі жан­дарды назардан тыс қалдырмай, оларды әлеуметтік, экономикалық өмірге бейім­деу де басты назарымызда» деді Әнуар Дәуленбаев сөз соңында.

 

Миуа БАЙНАЗАРОВА