Басты  /  мақалалар  /  Алып адамдар Қазақстанда болған ба?

Алып адамдар Қазақстанда болған ба?

Берік БЕЙСЕНҰЛЫ
2889
Алып адамдар Қазақстанда болған ба? Жуырда Ресей маманы Қазақстандағы Балхаш көлінің маңынан алып адамның ізі табылғанын жария етті.

 Мамандардың айтуына қарағанда, олардың аяғының ізі кішкентай болмай тұр.Шамамен 2 метр шамасында. Ал бойларының ұзындығы 18 метр болған деген жорамал бар. Жалпы мұндай алыптардың жер бетінде өмір сүргені ақиқат па?  Бұл біреу ғана емес,  Мәскеудегі Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы институты саласында  қызмет істейтін  Вячеслав Плохов Балхаш төңірегінен осындай алып адамдардың ондаған ізін тапқан. Тіпті кейіннен олардың тісі де үлкендігімен ерекшеленетінін жұртшылыққа хабардар етті. Бұл қаншалықты ақиқат? Шындығында да ғаламда соншалықты ұзын бойлы адамдар балған ба? Болжамдар әртүрлі.  Бірақ қазақ ертегілерінде кездесетін Таусоғарлар мен Көлтаусарлар  - бұл тарихи дерек.

Алып адамдардың өмірде болғандығы  туралы әңгіме жүздеген жылдар бойы үздіксіз айтылып келеді. Үлкен көлемдегі адамның бастары мен жер астынан табылған қаңқалар жер шарының біраз бөлігінен АҚШ, Египет, Армения, Қытай, Үндістан Австралия және Тынық мұхитының бірқатар аралдарынан да табылған.

Әрине бүгінгі таңда бойы 2 метрден асатын адамдар бар. Әсіресе бұл баскетболшылар арасында көп. Алайда әңгіме көне деректерге қатысты болып отыр. 1911 жылы АҚШ-тың Невада штатының маңынан ғалымдар ұзындығы 3,5 метр болатын адам қаңқасын тапқан. Әсіресе, археологтарды оның кәдімгі адамдардан жақ сүйегі төрт есе үлкендігі қайран қалдырған.  Австралиядан да  ұзын бойлы ер адамдар табылған. Бір таңқаларлығы, олардың тісінің биіктігі - 567 миллиметр, ал ені 42 миллиметр болып шыққан. Ғалымдар олардың бойының ұзындығы шамамен 6 метр шамасында деп топшылаған. Бұл ғана емес, Үндістаннан табылған адамның бойы 12 метр болып шыққан. Бірақ мұны археологтар жасырып, көпшілікке білдірмей алып кеткен көрінеді. 

Анығында өткен ғасырдың басында өмір сүрген Гиннестің рекордтар кітабына енген, әлемдегі ең ұзын адам бар. Оның аты-жөні –Роберт Першинг Уодлоу. Ол 1918 жылыМичиган штатында дүниеге келген. Бұл пақырыңыз белгісіз бір сырқатпен ауырып, бар-жоғы 22 жыл ғана өмір сүрді. Бірақ оның бойы өмірінің соңына дейін өсті. Қайтыс боларының алдында бойы 2 метр 72 сантиметр құрады. Ал салмағы -199 келі тартты. Оның әке-шешесі, аға-іні, қарындастары  бойшаң емес. Орта бойлы кісілер болды. Роберт бала кезінен жұрттың назарын аудара бастады. 8 жасында 1 метр 88 сантиметр болды. 10 жасында бойының ұзындығы 198 сантиметрге жетіп, салмағы 100 келі тартты. Жасөспірім кезінде оның аяғы жарты метр болған. Гиннестің рекордтар кітабына енген азаматтың аяқ киімін көмек ретінде адамдар үнемі тегін тігіп берген көрінеді.

Ол 18 жасында мектеп бітіріп,  университетте оқыды. 1938 жылы бастап, циркте өнер көрсете бастады, қайырымдылық шараларына көптеп қатысты. Жұртшылық оның ұзын бойын көруге көптеп жиналды.  21 жасында Роберт Першинг Уодлоудың бойы 263 сантимерге жетіп, 223 келі тартты. Өмірінің соңғы жылдарында аяғы әлсіз тартып, тек балдақпен жүруге ғана шамасы келді. 1940 жылдың  27 маусымында ол соңғы рет өлшенгенде, 272 сантиметр болды.

Тәуелсіздік күніне байланысты Манисити қаласында халықтың алдында сөз сөйлеген Роберт Першинг Уодлоу балдақпен төмен түсіп келе жатып, аяғын баса алмай құлап қалады. Мұнан кейін оның  тамырына инфекция түседі де, ұйықтап жатып, өмірден өтіп кетеді. Дәрігерлер оның жанын алып қалу үшін қанша жанталасқанымен, бәрі табыссыз болды. Қайта  қан құйғанымен, ол да нәтиже бермеді.  Роберттің қоштасу рәсіміне 40 мың америкалық  келді. Жарты тонна келетін оның дене сүйегін 12 адам көтеріп жүрді.  Сүйегін жер қойнына тапсырып, өз өтініші бойыншаасты-үстінен бетондап қойды. Бала-шағасы мен ағайын туыстары да бұл ұсынысты қолдады. Бұл әрекет «оның сүйегін ұрлап алып кетуі мүмкін» деген сақтықпен жасалынды. Бетонның бетінде «Жаның жай тапсын»  деген жазу тұрды.
Марқұм болған Роберт Першинг Уодлоудың бойының ұзындығы  сөйтіп 2 метр 772 сантиметрге жеткенін айттық.  Бұл ғана емес, АҚШ-та 19-20 ғасырдың басында адамзатты таңқалдырған бірнеше америкалық өмір сүрді.
Олар ­- Джон Уильям Роган (1868-1905 жылдар) - 264 сантиметр, Джон Ф. Кэрролл (1932-1969  жылдар) - 263 сантиметр, Дон Кохлер (1925-1981 жылдар) - 249 сантиметр, Бернард Койен (1897-1921 жылдар) - 248 сантиметр, сондай-ақ  фин азаматы Вяльно Мюллюринненің бойы (1909-1963 жылдар) - 251 сантиметр шамасында болды. Ал әйелдер арасында ең ұзын жас қытайлық қыз  - Цзен Цзиньлянь. Оның бойы- 248 сантиметр. Бұл ғана емес, көршіміз Ресейде де Федор Махнов атты алыптың өмір сүргені туралы дерек бар. 1878 жылы Витебскіде туылып, кәмелеттік жасқа толған соң 1906 жылдары Петербурте  циркте өнер бастаған алыпқа жұрт тәнті болған. Бойының ұзындығы 2 метр 68 сантиметрді көрсеткен жігіт Ресейде ғана емес, дүние жүзін шарлап циркте өнер көрсетті. Оның өнерін тамашалап,  қайран қаларлық ұзын бойын көруге  жүз мыңдаған жанкүйер келетін.

Иә, мұның барлығы да алып денелі, шектен тыс ұзын бойлы алыптардың өмірде болғандығы туралы нақты дерек. Бірақ мұның себебі неде? Қазір неге бойы 3 метр болатын «дәулер» жоқ? Америкалық  дәрігер-археолог  Карл Бом сол замандағы адамдардың бойының өте ұзын болуын мына бір себептен іздейді: «Қолайлы атмосфералық жағдайда адамның генетикалық дамуында ешқандай кідіріс болмайды».

Тарихи дерек ретінде сипатталатын бұл оқиғаға адам сенуге болады. Ал археологтар мен кездейсоқ адамдар тапқан қазбалардың кейде сенімсіз көрінетіні де рас. Мысал ретінде бір дерек-аңызды келтірелік.

1877 жылдары Невада шта­тының маңайындағы сарқырап аққан өзенде тұрғындар топырақтың астынан шошайып тұрған бір затты көреді. Табылған олжаны мамандар мен дәрігерлер жіті тексеріп қарағанда, бұл адамның аяғы екендігі дәлел­денген. Ең таңғаларлығы, алып дәудің аяғының өлшемі 97 см екендігі анықталған. Демек, антропологтар есептеп шығар­ғандай, оның бойының ұзындығы 3 метр 60 см болып шыққан. Ди­нозаврлар дәуірінде өмір сүрген бұл алыптың басқа сүйектерін іздеу мақсатында арнайы экс­педиция жіберілсе де, олар дерекке сеп боларлық ештеңе таппады.

1930 жылдары Австралияның Басарст қаласының маңайында қа­зан шұңқырларды қазу бары­сында да алып адамның аяғы табыл­ған. Антропологтар бұл таңға­лар­лық қаңқаларды «мегантропустар» деп жорамалдаған. Олардың бойы да адам шошырлық. 210 см-дан 365 сантиметрге дейін барады. Қаз­ба зерттеушілері мұның Қы­тайда табылған «дәулердің» сүйек­терімен шамалас келетінін анық­таған. Археологтар Қытай ги­ганттарының бойы 3-3,5 метр, ал салмағының 400 келі тартқанын айтады.

1985 жылы Австралияның осы аумағын зерттеген антро­по­ло­гия­лық экспедиция қазан шұңқыр­лар­ды тағы да үш метрге дейін қа­зып, қызық олжаға кезіккен. Зерт­тей келгенде, мегантропустардың тісі 42-67 сантиметр аралы­ғында екенін анықтаған. Зерттеу­шілер мұндай тісі бар алып адамның салмағы мен бойы қан­­ша­лықты болатынын да есеп­теп шығарған. Мұндай жағ­дайда «дәулердің» бойы 7,5 метр болып, салмағы 370 келі тартатыны анық­талған. Зерттеу нәтижелері көр­сеткендей, алып тұлғалы аза­маттардың осыдан 9 миллион жыл бұрын өмір сүргені анық­талды.

Оксфорд университетінің кітапханасында сақталған «Тарих және антикалық дәуір» атты кітаптың бір тарауында орта ғасырда өмір сүрген таңқаларлық алып адамдар туралы жазылған. «Археологиялық қазбалар үлкен олжаның барын көрсетті. Зерттеушілер алып адамның қаңқасын тапты. Оның ұзындығы -  4 метр, ал тісі -177 сантиметр шамасында» делінген онда.

Міне, деректер осылай жалғасып кете береді.Антропологтар әлемнің әр бұрышынан  әлі де алып адамға қатысты деректерді жария ете беретініне еш күмән жоқ. Бірақ Балхаш маңынан табылған із шын мәнінде алып адамдардың болғанын дәлелдей ме, жоқ әлде қар, жел мен жауын мүжіген тастың орны ма?

Көне дәуір бүгінге ізін қалдырғанымен, әлі де көп нәрсе көмескі күйінде қалып отыр.