Негізгі бет  /  мақалалар  /  Терактінің алдын алған адамға 2 млн сыйақы беріледі

Терактінің алдын алған адамға 2 млн сыйақы беріледі

Айқын-ақпарат
926
Терактінің алдын алған адамға 2 млн сыйақы беріледі Қазақстан үкіметі теракт жасалатыны туралы хабарлап, алдын ала ақпарат берген адамға сыйақы бермек.

Ресми БАҚ-тың 17 қарашада хабарлауынша, 2017 жылдың қаңтарынан бастап күшіне енетін қаулыда терактіні болдырмауға немесе алдын алуға көмектесетін ақпаратты хабарлаған адамға 750 айлық есептік көрсеткіштен (бір АЕК - 2121 теңге) 1000 АЕК-ке дейін бір реттік сыйақы беру қарастырылған.
Сыйақы терроризмге қарсы іс-қимылды үйлестіру саласындағыуәкілетті мемлекеттік орган есебінен төленеді.
Теракті туралы ақпарат берген адам сыйақыдан бас тартса, уәкілетті органның аймақтық органына ол туралы хабарлауы тиіс.
Азаттық.