Негізгі бет  /  мақалалар  /  Е. Ыдыросов: ЭКСПО апатын айта берудің қажеті жоқ

Е. Ыдыросов: ЭКСПО апатын айта берудің қажеті жоқ

Айқын-ақпарат
794
Е. Ыдыросов:  ЭКСПО апатын айта берудің қажеті жоқ Төтенше жағдайға қарамастан ЭКСПО-2017 көрмесi нысандарының бәрi уақытында тапсырылады.

 Бұл туралы журналистерге Сыртқы iстер министрi Ерлан Ыдырысов айтты.
Сенат депутаты Асхат Күзековтың айтуынша, ЭКСПО секiлдi күрделi құрылыстар кезiнде әртүрлi жағдай болуы мүмкiн.
«Бұл мәселеге көп көңiл аударудың, менiңше, қажетi жоқ. Өйткенi бәрi ойдағыдай болуы тиiс. Құрылыс тиiстi деңгейде жүрiп жатыр», - дейдi депутат.
«Ешқандай үлкен мәселе жоқ. Бұл аралық конструкция, негiзгi ғимарат емес. Бұл жұмыс процесi. Кез келген құрылыста осындай жағдайлар болып тұрады. Шұғыл әрекет жасалды, қаза тапқандар жоқ. Құрылыс жүрiп жатыр, бәрi уақытында тапсырылады. ЭКСПО бойынша қойылған барлық мiндеттер уақытында орындалады. Кеше нақты түсiнiк берiлдi», - дедi Ыдырысов.
Еске сала кетейiк, кеше Астанада ЭКСПО көрмесі аумағындағы нысандардың бірі опырылып түсті. Құрылысты жүргiзген BI Group компаниясының хабарлауынша, бұл құрылым тек декоративті болып табылады әрі ол ешқандай функционалдық қызмет атқармайды.
baq.kz.