Негізгі бет  /  мақалалар  /  Боб Дилан неден бас тартты?

Боб Дилан неден бас тартты?

Айқын-ақпарат
892
Боб Дилан неден бас тартты? Әдебиет бойынша 2016 жылғы Нобель сыйлығының лауреаты награда тапсырылатын Швецияға барудан бас тартты.

"Интерфакстың" хабарлауынша, американдық ақын және композитор Боб Дилан бұл жайлы шведтік академияға хат жазған. Боб Диланның сөзіне қарағанда, ол желтоқсанда сыйлық тапсырылуы тиіс салтанатты шараға қатыса алмайды. Бұдан бұрын 75 жастағы музыкант аталмыш марапатқа риза екендігін және мүмкіндік болса өз қолымен алғысы келетіндігін мәлім еткен еді. Диланның шын аты - Роберт Аллен Циммерман. Ол 1941 жылы американдық Миннесота штатында дүниеге келген. Дилан рок музыкадағы ірі тұлға болып есептеледі. Оның ең танымал әні - Like a Rolling Stone.

inform.kz