Негізгі бет  /  мақалалар  /  Әйелдер үшін азап

Әйелдер үшін азап

Жолдасбек Дуанабай
1271
Әйелдер үшін азап Соңғы кездері әйелдердің бала көтеру мәселесі қиындап барады. Сылтау да көп, дерт те көп. Бәрінен де баса атап өтер қиындық стресс.

Өйткені психологиялық жағдайлар тұрмыстағы әйелдердің 40 пайызына әсер етіп, олардың бала көтеруіне кері әсер ықпал етеді. Бұл дерек АҚШ-та жүргізілген дәрігерлік-әлеуметтік  сынақ қорытындысынан соң хабарланды.
Шын мәнінде психологиялық стресс әйелдерге өте күшті әсер етеді. Сынаққа 40 жасқа дейінгі белсенді өмір сүріп жүрген 400 әйел қатысқан. Олар өздерінің күнделікті әрекеттерін қағазға түсіріп отырған. Соның ішінде стресті жағдайды 4 балдық деңгей бойынша есептегенде бала көтеруге ішімдік, темекі, кофе де қиындық келтіреді екен. 
Зерттеу қорытындылары Луисвиль университеті медицина факультетінің қызметкері Кирой Тейлордің басшылығымен жасалған. Нәтижесі жаңағыдай, әйелдердің 40 пайызының жүйкесі сыр бергендіктен бала көтере алмайды.
Кира Тейлор осыған байланысты балалы болғысы келген келіншектерге барынша стрестен арылудың амалын табуды ұсынады.