Негізгі бет  /  мақалалар  /  12 жасар қыз заңсыз қару сақтаған

12 жасар қыз заңсыз қару сақтаған

Айқын-ақпарат
1063
12 жасар қыз заңсыз қару сақтаған  Торонто полициясы мегаполистің солтүстік жағындағы тұрғын үйлердің бірінде жүргізген арнайы операция қорытындысы бойынша алты жасөспірімге заңсыз қару сақтағандықтары үшін айып тақты.

Бұл туралы сәрсенбі күні CTV телеарнасы хабарлады. Тәртіп сақшылары тоғыз адамды қолға түсірді. Олардың ішінде 12 және 16 жастағы қыздар және екі 16 жасар, сондай-ақ 17 жастағы жасөспірім бар. Канадалық заңға сәйкес, олар кәмелеттік жасқа толмғандықтан аты-жөні айтылмайды. Солармен бірге 18 жасар Абдуллахи Хассан, 24 жасар Николь Бранд және 39 жастағы әйел де тұтқынға алынды. Полиция бұларға заңсыз қару, оқ-дәрі сақтағаны, сонымен қатар қарулардың сериялық нөмірлерін өшіргендігі үшін, жалпы алғанда 111 айып тағып отыр. Тәркіленген қарулардың арасында екі тапанша-пулемет бар. Қазір полиция бұл үйде соншама қару не үшін, қандай мақсатпен сақталғандығын және ұсталғандардың бір-бірімен қандай қарым-қатынаста болғандығын тексеруде.

inform.kz