Негізгі бет  /  мақалалар  /  Мұрттылар мықты екен

Мұрттылар мықты екен

Жолдасбек Дуанабай
1410
Мұрттылар мықты екен Ерлер неге мұрт қояды? Бұл әйелдерден ерекшелену ме әлде сән бе? Осы сұраққа жауап іздегендер әлі күнге бір шешімге келмеген.

Алайда мұрты бар ерлер мықты келетін көрінеді. Бұл туралы пікірді мамандар айтып отыр.
Бәрінің қызығы мынау: мұртты жігіттерді қыз-келіншектер өте жақсы көреді екен. Бұл туралы жұрт арасында сауалнама жүргізген «Plenty of Fish» атты танысу орталығының мамандары мәлімдеді. Мекеме қызметкерлері 21 жастан асқан 500 қыз-келіншектердің арасында сауал жүргізген. Солардың 64 пайызы мұрт еркектерді сесті көрсететіндігін айтқан. Тіпті мұрт сақалдан да сәнді әрі мәнді екен.
Арулардың 33,9 пайызы мұртты жігіттердің ересек көрсететіндігін айтқан. 22,3 пайызы мұрт нағыз ер адамға тән екендігін, олар қыз-келіншектерді ынтықтыратындығын жеткізген. 20,7 пайыз әйелдер мұрт жігіттерді әдемі етіп көрсететіндігін мойындаған. Ал 4,5 пайызы мұрт ерлерді жұмбақ етіп көрсетеді деген пікір білдірген.
Айтпақшы, мұртты ерлердің дені басшы қызметтерде отыратын көрінеді.