Негізгі бет  /  мақалалар  /  Германия мен Францияда жаңа президенттер сайланады

Германия мен Францияда жаңа президенттер сайланады

Айқын-ақпарат
1039
Германия мен Францияда жаңа президенттер сайланады Ангела Меркель ресми түрде билеуші коалиция атынан президент лауазымына Франк-Вальтер Штайнмайерді ұсынды, деп хабарлайды Вести.ру.

Салтанатты рәсім Берлинде өтті. Саясаткерлердің айтуынша, СІМ басшысы саясатта тұрақтылық орнатуы тиіс. Меркель оның ел іші мен шет елдерде беделі жоғары екенін және ең бастысы ымырашыл екенін атап өтті. Сайлау 2017 жылдың ақпан айында өтеді. Франция президенттігіне де жаңа кандидат бар - ол бұрынғы экономика министрі Эммануэль Макрон. 2014-2016 жылдары экономика министрі болған Э.Макрон Франсуа Олландпен араздасып, отставкаға кеткен. Макрон бұрынғы әдістер еш тиімсіз болғандықтан, саяси жүйені қайта қалыпқа келтіріп, қоғам моделін өзгерткісі келетінін мәлімдеді. Сайлауға тағы кімдер түспек? Тағы да Франсуа Олланд, «Ұлттық фронт» көшбасшысы Марин Ле Пен және бұрынғы мемлекет басшысы Николя Саркози президенттіктен үмітті.

inform.kz