Негізгі бет  /  мақалалар  /  «Ислам мемлекеті» Еуропада ойран салмақ

«Ислам мемлекеті» Еуропада ойран салмақ

Айнұр Қазыкенова
1007
«Ислам  мемлекеті»  Еуропада ойран салмақ «Жарты Еуропа қанға боялады». Бұл Бельгия Ішкі Істер бөлімінің басшысы Ян Ямбонның мәлімдемесі.

 Оның  айтуынша,   кәрі құрлық елдерінен «Ислам  тобы»  содырларына  қосыламыз деп аттанған һәм  бірер жылда соғыстың қыр-сырын үйренгендер  Рождество мейрамына  қарай  елдеріне  оралмақ. Өйткені  Ирак  пен Сирияда жеңіліске  ұшырап,  тоз-тоз болған  олардың  ендігі  барар  жері жоқ.  Елге  келген соң, олар  тыныш жатпайды. Түрлі  терактілер жасауы  мүмкін. Әсіресе Бельгия, Голландия және  Франция тағы да   қанға бөкпек. Өйткені,  Таяу  Шығыс пен Солтүстік Африкадан босқан мигранттардың ең көп  шоғырланған  мемлекеттері осылар. Шындығы  керек, Ирак  жеріндегі  «Ислам мемлекеті»  содырларының   соңғы  тұрағы Мосулға АҚШ бастаған  коалиция  күштері  шабыл  жасап  жатыр.  Көп ұзамай  шаһар азат етілуі мүмкін. Қаланы тастап,  талқан  болған содырлар  қайда  барады? Демек,   босқындардың кебін  жамылып Еуропаға ағылуы мүмкін.  Сол секілді  Сириядағы  «Ислам  мемлекеті»  тобының астанасы  Ракка қаласында азат ету  басталды.   Сондай-ақ, содырлардың қол  астындағы Аллепо, Идлиб және Хомса  қалаларына да шабуыл басталды. Алдағы уақытта,  ол  жерден шегінген  содырлар  босқындармен араласып,  Еуропаға  өтіп,   лаңкестік  әркеттерін  сол  жақта жалғастыруы әбден мүмкін. Демек, Бельгия ІІБ  басшысы айтып отырған  болжам шындыққа  келеді. Бір айта кететін жайт, қазір АҚШ  бастаған  коалиция  күштері «Ислам  тобы» табан тіреп  отырған  Ирактағы Мосул  қаласына шабуыл жасап  жатыр. Көп  ұзамай  қала азат  етілуі мүмкін. Ал Сириядағы лаңкестікпен күресу  үшін  Башар  Асадтың  Үкімет әскерімен  бірлесе  Ресей қарулы  күштерінің шектеулі әскері  де әрекет етуде. Кеше  Ресейдің  сол  Сирия жерінде  тұрған барлық  әскери техникалары лаңкестер мекен  еткен  жерге  жаппай  оқ  жаудыруды  бастады.  Тіпті  Жерорта  теңізіне жақында  келген Ресей әскери  теңіз флотының кемелері  де  бұл іске  араласты. «Адмирала Кузнецов» авианосецінен   көтерілген Су-33 ұшақтары  бомбылауды бастады. Сол секілді  өзге  кемелерден атылған   қанатты «Калибр» зымырандары  лаңкестердің жарылғыш   зат жасайтын  зауыттарын  талқандаған. Сондай-ақ,  Сирияға  жақында жеткізілген «Бастион»  ату кешендері  П-800 «Оникс»  қанатты зымырандарын қолданды.  Осылайша жан-жақтан қысымға  түскен  лаңкестер амалсыз  босқын  кейпінде  Еуропаға  өтіп кетуі ықтимал. Бұл үлкен қауіп екені белгілі. Демек,  көп  ұзамай кәрі құрлық жерінде  түрлі терактілер орын алып жатса, таң қалуға  болмас.