Негізгі бет  /  мақалалар  /  Қошқар қартты сүзіп өлтірді

Қошқар қартты сүзіп өлтірді

Айқын-ақпарат
1176
Қошқар  қартты сүзіп өлтірді Қошқар шабуыл жасаған 94 жастағы Франция тұрғыны ажал құшты. Бұл туралы сейсенбі күні, 15 қарашада Daily Mail хабарлады.

Беті және денесі бірнеше жерден жараланған қарттың мәйітін француздық Бордо қаласына таяу орналасқан Систас (Cestas) елді мекенінің жанынан тапты.

Күдік келтіріліп отырған жануар  сол маңда жайылып жүрген.

Шамасы, қошқар қашпақ болған өз құрбанын сүзген. Артынша құлап жатқан адамның үстіне секіріп, тұяқтарымен таптаған.  

«Бәрі біледі, бұл жануар әрқашанда адамдарға ұмтылатын. Одан жапа шеккендер де аз болған жоқ»,-деді журналистерге жергілікті тұрғындардың бірі.

Полицияның хабарлауынша,  қошқарды ұстап улап өлтірген.

 

ҚазАқпарат