Негізгі бет  /  мақалалар  /  2016 жыл ең ыстық жыл ретінде рекорд орнатуы мүмкін

2016 жыл ең ыстық жыл ретінде рекорд орнатуы мүмкін

Айқын-ақпарат
973
2016 жыл ең ыстық жыл ретінде рекорд орнатуы мүмкін Биылғы жыл метеобақылау тарихындағы ең ыстық жыл болуы мүмкін.

 Мароккода Климаттың өзгеруіне қатысты өтіп жатқан халықаралық конференция өкілдері осылай деп дабыл қағып отыр. Өйткені қаңтардан қыркүйекке дейін ғаламшардағы орташа температура 1,2 градусқа жоғарылаған.

Метеорологтар егер бұл көрсеткіш бір жарым градусқа дейін жетсе, күрделі жағдай туындауы мүмкін деп қауіптенеді. Жалпы мамандар жаһандық жылынуды атмосфераға шығарылатын парниктік газдардың әсерімен байланыстырады. Сондай-ақ Эль-Ниньо құбылысының да кесірі тиген.

Петтери Таалас, Дүниежүзілік метеорологиялық ұйымның бас хатшысы:

- Алдағы он жылда суға қатысты кері өзгерістер болуы ғажап емес. Сол үшін жаһандық жылынуды тежейтін шаралар қабылдауымыз керек. Одан қатты жапа шегіп отырған Африка елдерін естен шығармаған абзал.

 24.kz