Негізгі бет  /  мақалалар  /  Грантты қалай алуға болады?

Грантты қалай алуға болады?

Айқын-ақпарат
1006
Грантты қалай алуға болады? «Нұр Отан» партиясы Солтүстік Қазақстан облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде «Бизнес жол картасы – 2020» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мәселелері бойынша қоғамдық қабылдау өтті.

Жас кәсіпкерлердің сұрақтарына кәсіпкерлік және туризм басқармасы басшысының орынбасары Әділхан Мұхамедьяров жауап берді.

Жеке ісін ашуға жәрдемдесу туралы мәселесімен Петропавл қаласының тұр­ғыны Индира Мұқанова қабылдауға келді. Қала тұрғыны стартап-жобалар кон­курсына қатысуға бел буған. Ол об­лыстық орталықта шаштараз ашуға жә­не 5 адамды жұмыспен қамтамасыз ету­ге ниеттеніп отыр. Әділхан Мұха­медья­ров кәсіпкерге конкурсқа қатысу қа­жеттігін айтты. 
– Сізге өз ісіңізді бастамас бұрын кә­сіпкерлерге арналған курстан өтуді ұсынамыз. Себебі сізде бастапқы қара­жа­тыңыз жоқ. Ал оны «Даму» қорынан алу­ға болатынын және қор жас кәсіп­кер­ге 3 миллион теңгеге дейін беретін грант­ты қалай алуға болатынын білуіңіз ке­рек, – деп түсіндірді кәсіпкерлік бас­қар­масы басшысының орынбасары. Сон­дай-ақ ол қосымша қарызының ре­сім­делген жағдайда мөлшерлемесі жы­лына 7%-ды құрайтынын қоса ай­т­ты.
Сонымен қатар қабылдауға Солтүс­тік Қазақстан мемлекеттік универ­си­те­тінің ұстазы Жайсан Мұхаметжанов жү­гінді. Жас маман бейнероликтер жа­сайтын кәсіп ашуды жоспарлап отыр екен. Ол Әділхан Мұхамедьяровтан осы «іс­ті ашу үшін университет Даму қоры­ны­ның грантына қатыса алады ма?» деген сұрақ қойды. 
– Мұндай мүмкіндік жоқ, бірақ же­ке кәсіпкер ретінде істі жүргізетін тұл­ғаны тағайындауға болады. Мәселеңізді ше­шу үшін кәсіпкерлік және туризм бас­қармасына келуіңіз керек. Онда біз сіз үшін оңтайлы нұсқа таба аламыз, – деді Әділхан Мұхамедьяров.