Негізгі бет  /  мақалалар  /  ИНВАТАКСИ ҚЫЗМЕТІ САҚАДАЙ САЙ

ИНВАТАКСИ ҚЫЗМЕТІ САҚАДАЙ САЙ

Айқын-ақпарат
1166
ИНВАТАКСИ ҚЫЗМЕТІ САҚАДАЙ САЙ «Нұр Отан» партиясы Бейнеу аудандық филиалында «Кедергісіз келешек» бағдарламасы аясында аудандағы мүгедек жандардың қатысуымен дөңгелек үстел өтті.

Шараға аудандық филиал төрағасының бірінші орынбасары Қуаныш Еламанов, «Азаматтық бастамасы» үкіметтік емес ұйымының төрағасы Сағатбек Жұбанов, аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің әлеуметтік қызметкері Темірхан Пірманов арнайы қатысты. 

Шарада сөз алған «Нұр Отан» партиясы Бейнеу аудандық филиалы төрағасының бі­рінші орынбасары Қ.Еламанов партия­ның «Кедергісіз келешек» жобасы аясында рейдтік шаралар тұрақты түрде ұйымдас­ты­рылып тұратындығын айтты.  
– Кемшілік анықталған жағдайда, біз ар­найы хаттама жасап, оны тиісті м­е­кемелерге жолдаймыз. 1-2 айдан кейін хат­тама негізінде қайтадан тағы тексеріп шы­ғамыз. Осындай жұмыстардың нә­ти­же­сінде аудандағы мекемелерде мүмкіндігі шек­теулі жандардың еркін кіріп-шығуына жағ­дай жасалып отыр. Яғни, сырғыма бас­палдақтар (пандустар) орнатылған, – деді өз сөзінде Қ.Еламанов.
Аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал ак­ті­ле­рін тіркеу бөлімінің әлеуметтік қызметкері Т.Пірманов аудандағы 1970 мүгедектің жағ­дайына қысқаша тоқталып, ауданда ин­вотакси қызметі көрсетілетіндігін жет­кізді. 
Дөңгелек үстелге қатысқан 26 белсенді мүм­кіндігі шектеулі жандардың арасынан сөз алған Қазихан Барақов аудандағы ат­қарылып жатқан істерге оң баға беріп, пар­тияның жұмысына сәттілік тіледі. 
Венера МИРЛАН,
Маңғыстау облысы