Негізгі бет  /  мақалалар  /  Трампты не күтіп тұр?

Трампты не күтіп тұр?

Айнұр Қазыкенова
1059
Трампты не күтіп тұр? 1963 жылы 22 қарашада Техас шататының орталығы Даллас шаһарында АҚШ–тың 35 - президенті Джон Ке́ннеди атып өлтірілді.

Атқан   ­­­- Ли Харви Освальд. Арада  екі  күн өткен соң  полиция   бөлімінде  Ли Харви Освальд кенеттен  қаза  тапты. Содан  болар,  Кеннедиді  не үшін  атқаны  белгісіз  болып  қалды. Президентті   өлтіруге  кім  тапсырыс  берді? Бәрі  бүгінге дейін  жұмбақ . 

Әрине, әлемге  әмір жүргізуге  ұмтылған  АҚШ-тай алып елдің  үлкен мүддесінің жанында  жеке адамның  (президент  болса  да)  өмірі  не тәйірі. Адам жалдады. Атқызды. Сосын   атушының да көзін  жойды. Іс  сонымен  біткен. Ал кеше  ғана сайлауда  аты  оза  шауып   АҚШ-тың 45 -  президенті болған Дональд  Трамптың  да өмірін сондай қайғылы  жағдай  күтіп тұр дейтіндер  көп. Бәрі  мүмкін. Неге? Ең бастысы,  өздері үкілеп  сайлауға қосқан  республикашылар  Трампты  ұната бермейді. «Ол шеңберге сыймайтын, айтқанға  көнбейтін, илікпейтін  жан. Ондай  әспербақандау адаммен  бірге  жұмыс істеу  мүмкін бе?» деседі  олар. Ал  демократтар Трампты  әу  бастан  ұнайпайтыны белгілі. Демек Дональд Трамп  президенттік тақта ұзақ отыр алмауы да  мүмкін. Яғни,  оған  қарсы импичмент жариялауы ықтимал. Екінші  бір мәселе, Кеннедидің  жағдайы.  Дональд  Трамп сайлауалды үгіт - насихат  кезінде  НАТО-ға  қарсы екенін,  «әскери  блок ескірген»  деген де  пікір айтты. «Оның мүшелері  қажет  болса, ұйымның жарнасын  төлеуді  арттыру керек» деп  те дөң, айбат көрсетті. Сондай-ақ  Барк Обаманың кезінде жүзеге аса бастаған ТрансТынық мұхиттық әріптестік  және Трансаталанттық   сауда  және  инвестициялық әріптестігін құру  жөніндегі стратегиялық бағдарламаға  қарсылық танытты. Сарапшылар «бұл Трамптың ең үлкен қателігі»  деседі.  Өйткені  бұл екі  жобада  АҚШ-тың  әлемдік  экономиканы бір  қолға жинастыруға арналған  басты бағдарламасы.  Мұнда  АҚШ-тың үлкен мүддесі  жатыр. Ал  оған Трамп қарсы.  Мемлекеттік мүддеге  қарсы болған  президенттің  жолы ешқашан болған емес. Демек  Трампты  Кенедеидің  басындағы трагедия күтіп  тұр»  деседі.  Әлем  әміршісі  болуды  басты  мақсат еткен АҚШ элитасы, оған  қарсы  келген адамды аямауы мүмкін. Біз тек  сарапшылардың  болжамын  ғана  келтірдік.