Негізгі бет  /  мақалалар  /  8 жасар қыз педофилдың құрбаны болды

8 жасар қыз педофилдың құрбаны болды

Айқын-ақпарат
846
8 жасар қыз педофилдың құрбаны болды Шығыс Қазақстан облысы Зыряновск ауданында тағы бір 8 жасар қыз педофилден жәбір көрді, деп хабарлады Аlvatv.kz.

Мәлім болғандай, қараша айының басында Зыряновск ауданындағы Серебрянск қаласында жергілікті тұрғындар зорлықшыны қылмыс орнында ұстап алды. Ер адам кішкентай қызды көзден таса жерге алдап әкеліп, ойына келгенін істеген. Көшедегі жаяу жүргіншілер баланың дауысын естіп, педофилды ұстады. Ал тірі қалған қызды есеңгіреген күйі жергілікті ауруханаға алып кетті. Жеткіншекті зорлаған 30 жастағы Серебрянск тұрғыны бұрын да бірнеше рет істі болған және қазір ол уақытша ұстау изоляторында қамаулы. «Кәмелетке толмаған қызды жыныстық сипатта зорлау әрекетіне күдікті қылмыс үстінде ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды,  тергеу жұмыстары жүріп жатыр», - деп хабарлады Зыряновск аудандық ІІБ. Мұндай бап бойынша сакцияда зорлықшыны 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған. Одан бөлек, күні кеше Зыряновскте болған жан түршігерлік оқиға қазақстандықтардың зәресін ұшырды. Сегіз жасар Виктория мектептен үйіне оралмаған. Бірнеше тәуліктен соң қыздың өлі денесі қараусыз қалған үйден табылды. Оқушының өліміне күдікті 25 жастағы ер адам ұсталды. Қыздың сөмкесін иығына асынған күдікті Викториямен бірге кездейсоқ өткен көліктердің бейнерегистраторына түсіп қалған. 

 

ҚазАқпарат