Негізгі бет  /  мақалалар  /  Есентаеваның қорғаушысы сотқа шағым түсірді

Есентаеваның қорғаушысы сотқа шағым түсірді

Айқын-ақпарат
1172
Есентаеваның қорғаушысы сотқа шағым түсірді Баян Есентаеваның адвокаты 18 қарашаға дейін Бақытбек Есентаевқа қатысты шыққан сот үкіміне шағым түсіреді. Бұл туралы Баян Есентаеваның адвокаты Марат Асқарбеков хабарлады.

- Соттың үкімі заңсыз. Бұл іс алқабилерімен қаралса да, заңбұзушылық бар. Бұл үшін судья жауап береді. Оның қылмысқа оқталуына қатысты дәлелдердің болмауына байланысты бұл шешім заңсыз, - деді Асқарбеков. - Бұл туралы сотталушы  Бақытбек Есентаев та айтқан болатын. Сондықтан да біз соттың бұл үкімі бойынша облыстық сотқа шағым түсіреміз, бізге жұмаға дейін уақыт берілді, - деді Есентаеваның адвокаты.
Сонымен қатар, продюсердің қорғаушысы Бақытбек Есентаевтың адвокатының сотқа шағым түсіргені жайлы білетінін айтты. Алматы облыстық соттың баспасөз қызметіндегілер де Есентаевтың адвокаты Бекболат Жексейітовтен апелляциялық шағымның түскенін растады. 
Айта кетейік, 3 қарашада белгілі продюсер Баян Есентаеваның күйеуі Бақытбек Есентаев сотта соңғы сөзін сөйлеген болатын. Осыдан кейін сот үкімін шығарды.  Сотталушы "Адам өлтіруге оқталу" бабы бойынша 9 жылға бас бостандығынан айырылды. Есентаевтың адвокаты үкімге шағым түсіретінін мәлімдеді. 
- Біз апелляциялық шағым түсірмекшіміз, үкім негізсіз деп есептейміз. Ол дене жарақатын салды, адам өлтіруге оқталған жоқ, біз осыны дәлелдейміз, - деген еді Бекболат Жексейітов.
tengrinews.kz