Негізгі бет  /  мақалалар  /  «Кұрметті азаматқа» Астанадан пәтер сыйға тартылады

«Кұрметті азаматқа» Астанадан пәтер сыйға тартылады

Берік БЕЙСЕНҰЛЫ
1277
«Кұрметті азаматқа» Астанадан пәтер сыйға тартылады Бұл жоба қызғылықты болып отыр. Ең бір қуаныштысы, «Құрметті азамат» жобасы тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай ұйымдастырылып отыр.

Нақты айтар болсақ,  BI Group компаниясы ең көп дауыс алған азаматқа Астана қаласынан пәтерді сыйға тартпақ.

Бұл компанияның  біздің қоғамның дамуы мен тәуелсіздігіміз үшін кәсіби, қоғамдық қызметі немесе азаматтық ұстанымы маңызды болып табылатын, өнегелі өмір жолы өскелең ұрпаққа үлгі болып табылатын ғұмыры ерлікке толы азаматтарды қолдауға қосқан үлесі.

Жоба төрт негізгі кезеңнен тұрады:

1) үміткерлерді іріктеу 2016 жылдың 14 қарашасы мен 1 желтоқсаны аралығында кез келген ниет білдірген Қазақстан азаматының жоба www.bi-azamat.kz сайтына сауалнаманы енгізу арқылы жүзеге асырылады (әрбір адам конкурсқа қатысу үшін бір ғана кандидатты ұялы телефон нөмірін авторизациялау арқылы ұсына алады),

2) сайтқа жіберілген кандидатуралардың санынан Сараптамалық Кеңес мүшелерінің пікірі бойынша еңбегі, жобалары, идеясы, азаматтық ұстанысы қоғамның дамуында маңызды орын алатын, өнегелі өмір жолы өскелең ұрпаққа үлгі болып табылатын қолдауға лайықты деп танылған 10-15 қатысушыны таңдап алады,

3) Сараптамалық Кеңеспен іріктелген үміткерлерді  www.bi-azamat.kz  сайтында 2016 жылдың 5 желтоқсаны мен 25 желтоқсаны аралығында жалпыға бірдей ашық түрде дауысқа салу, осылайша көшбасшы/жоба жеңімпазы жалпыға бірдей интернет дауыс берудің нәтижесінде анықталады және оның есімі 2016 жылдың 26 желтоқсанында жарияланады.

4) дауысты көп жинаған халық қалаулысына пәтер кілті ақысыз түрде табысталады.

 Әділдік болуы үшін компания өз кандидатураларын ұсынбайды.

Сондықтан «Құрметті азамат» атануға  әрбір қазақстандық құқылы.