Негізгі бет  /  мақалалар  /  Ең қымбат автомобиль сатуға қойылды

Ең қымбат автомобиль сатуға қойылды

Айқын-ақпарат
1237
Ең қымбат автомобиль сатуға қойылды Сатуға шығарылған әлемдегі ең қымбат автомобильдің әзірге белгіленген бағасы 45 млн фунтов-стерлинг немесе 56 млн доллар.

Егер 250 GTO осындай бағаға сатылатын болса, онда машина әлемдегі ең қымбат көлік болмақ.

Ал әзірге бұл атаққа өзге - 2013 жылы бәссаудада 38 миллион долларға сатылған 250 GTO (1963 жылғы) ие.

Осы арада айта кетер жайт, көк түсті Ferrari 250 GT бірнеше рет танымал автомобиль жарыстарына қатысқан. Атап айтқанда, 1962 жылы ол «Себрингтің 12 сағаты» бәсекесінде жалпы есепте екінші орын алды. Ал сол жылғы «Ле-Мананың 24 сағаты»  жарысында алтыншы болған.

Ferrari 250 GTO автомобилінің небәрі 36 бірлігі шығарылған. Олардың осы кезге дейін сақталған әрқайсысы кез келген коллекционердің арманы болып есептеледі.

Бір қызығы, 1969 жылы бұл машина 5400 долларға сатылған, артынан (сол 1969 жылы) 11 мың долларға көтерілді. 1975 жылы автомобиль 13 мыңға, ал 1978 жылы қайта жаңғыртқан соң 125 мың долларға күрт қымбаттады.  

 

ҚазАқпарат