Негізгі бет  /  мақалалар  /  Иранның экс - президенті қой бағып жүр

Иранның экс - президенті қой бағып жүр

Берік БЕЙСЕНҰЛЫ
1980
Иранның экс - президенті қой бағып жүр Бұл күлетін нәрсе емес, қарапайымдылық. Иранның бұрынғы президенті шын мәнінде қазір қой бағып жүр.

Президент болардың алдында ол жұмысына автобуспен қатынады. Әйелі бір медреседе  еден жуушы болып жұмыс істеді.

Ол  - Махмуд Ахмадинежад. АҚШ-тың салған санкциясынан ықпаған пақырың президенттік лауазымды иеленген тұста да қарапайымдылығынан еш айныған жоқ.  БҰҰ мінберінде тұрып, Обамаға қыр көрсетті. АҚШ-тың әрекетін шайтанға теңеді.

1. Американың FoxNews телеарнасы Иран президенті Махмуд Ахмадинежадтан «таңертең тұрып, айнаға қарағанда, алдымен сізге қандай ой келеді?» деп сұраған. Сонда ол «Мен айнадағы адамды көріп тұрып,  оған әрдайым «сен кешегі қарапайым күніңді ұмытпа» деп үнемі айтып отырамын» , - депті.

2. Ахмадинежад президенттік таққа отырар күні кабинетке кіргенде қымбат тұратын парсы кілемдерін алдырып тастап, Тегеран мешітіндегі арзан кілімдердің бірін әкеп төсеген.

3. Президенттік тақта отырғанда табыс декларациясын үнемі толтырып отырған. Оның 1977 жылғы Пежо  - 504 көлігі, Тегерандағы ең кедейлер тұратын ауданда  әкесінен мұра болып қалған кішкентай ескі үйі ғана болған.

4. Президенттік лауазымда жүрген кезінде оның портфелінде қара нанға жағылған сары май, бутерброд  қана болған. Бұл түскі асты әйелі үнемі таңертең дайындап сөмкесіне салып жіберетін болған.

5. Қазір ол өзі тұратын аудандағы көше сыпырушыларға үнемі көмектесіп тұрады.

6. Егер шетелге қандай да бір сапарға шыға қалса, Махмуд Ахмадинежад үлкен қымбат қонақ үйлерге тоқтамайды. Жай ғана қарапайым отельге қонып, кереуетке емес, жерге төсек салып жатады.

7. Президент кезінде қандай да бір министрді тағайындағанда ол ең алдымен   кандидаттың тақыр кедейлігіне назар аударған. Оның есепшотында қанша ақша бар, шын мәнінде кедей ме, тексеріп барып қана қызметке алған.   Өте бай адамдарды қызметке алуды жаны қаламаған.

8. Президенттің лауазымда жүрген кезінде жалақы алудан бас тартқан. Ол барлық байлық өзін қорғаған Иран ұлтына  тиесілі деп санаған.