Басты  /  мақалалар  /  70 жылдан кейін қайталанған құбылыс (фото)

70 жылдан кейін қайталанған құбылыс (фото)

Досжан БАЛАБЕКҰЛЫ
1222
70 жылдан кейін қайталанған құбылыс (фото) Алматылықтар да "суперайдың" куәгері болды. Nasa ғалымдарының айтуынша, бұл құбылыс 14 қараша күні Жер бетінде 70 жылдан кейін қайталанып отырған табиғи құбылыс.

Жалпы бұл құбылыс кезінде Ай мен Жердің арақашықтығы 30 мың шақырымға дейін қысқарады. Ал Айдың көлемі әдеттегісінен 15%-ға үлкенірек болады. Әдетте әуесқой астрономдар бұл құбылысты камераға түсіріп алып, онысын ғаламторға жариялап, жұртпен бөліседі.

Жыл сайын Ай Жерден 406 мың шақырымға алыстайды (апогея құбылысы). Және жылына екі рет Жер бетіне максимал жақын ара-қашықтық - 357 мың км биіктікте өтеді. Мұны ғалымдар ғылымда перигеа деп атайды. Ал перигеа Айдың толысу кезеңімен сәйкес келген жағдайда, Жер серігінің ең үлкен толысуына (суперлуние) куә боламыз,-деп жазады "Нехабар" тілшісі.


Бұл құбылысты ешқандай аспапсыз, жай көзбен көруге болады. Америкалық NASA аэроғарыш агенттігінің мәліметі бойынша, Ай әдеттегіден 14%-ға үлкен және 30%-ға жарығырақ болып көрінеді. Сондай-ақ Айдың түсі қызылдана түседі деп болжайды мамандар. Аталған құбылыс 2 сағатқа созылды.
Келесі суперайды тек 18 жылдан соң, 2034 жылы көре аламыз.

Досжан Балабекұлы,

суреттерді түсірген автор