Негізгі бет  /  мақалалар  /  Лукашенко Құранды сүйді

Лукашенко Құранды сүйді

Берік БЕЙСЕНҰЛЫ
1167
Лукашенко Құранды сүйді Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның беларусь еліне сапары барысында Минскіде мешіт ашылды. Ғибадат үйінің ашылу рәсімінде беларусь президенті Александр Лукашенко басқа дін мен өзге ұлт өкілдері жасай бермейтін иманды, ұлық тірлік істеді.

Түркия президенті Ердоған Беларусь елінің мүфтиіне өз атынан Құранды сыйға тартты. Ол Құранды сүйіп, Лукашенконың қолына табыстады. Беларусь президенті түрік басшысының әрекетін қайталап, Құранды сүйді. Алайда Беларуссияның ресми басылымдары мен БЕЛТА ақпарат агенттігі бұл көріністі ел жұртшылығына таратқан жоқ. Бұл оқиғаны тек түріктің  Posta басылымы жер-жаһанға жария етті.

Ал Құранды сүйіп, маңдайына тигізу қасиетті кітапты  және мұсылман әлемін  қадірлеу болып саналады.