Негізгі бет  /  мақалалар  /  Екі адам тірідей жанып кетті

Екі адам тірідей жанып кетті

Айқын-ақпарат
949
Екі адам тірідей жанып кетті Павлодар облысына қарасты Лебяжі ауданының Черное ауылында төрт бөлмелі үй өртенді. Салдарынан үйдің ішінде қалып қойған екі адам тірідей жанып кетті, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Ескерту!

Baq.kz сайтында жарияланған авторлық материалдардың барлық құқықтары қорғалған және ақпарат агенттігінің меншігі болып табылады. Көшіріп басу редакцияның рұқсатымен жүзеге асады. Материалды көшіріп басу кезінде Baq.kz сайтына төте сілтеме көрсету талап етіледі.

Павлодар облыстық ТЖД баспасөз қызметінің маманы Абылайхан Құсмановтың хабарлауынша, қызыл жалын 100 шаршы метр аумақты шарпыған.

«Оқиға орнынан екі адамның мүрдесі табылды. Алдын ала болжам бойынша, 42 және 44 жастағы ауыл тұрғындары тірідей жанып кеткен. Өртті сөндіруге 14 адам атсалысты. Қазіргі таңда төтенше жағдайдың себебі мен шығын мөлшері анықталуда», - дейді Абылай Құсманов.

Тағы бір оқыс жағдай Павлодар қаласында болды. 9 қабатты тұрғын үйдің бесінші қабатында тұрмыстық заттар жанды. Салдарынан 6 жасар бала ауруханаға жатқызылып, 40 адам сыртқа шығарылды. Өртті сөндіруге ТЖД жеке құрамының 20 маманы жұмылдырылған.

Айта кетейік, Ертіс өңірінде жыл басынан бері 700-ден астам өрт болды, салдарынан 20-дан астам адам көз жұмды. Оның ішінде тұрғын үй секторында 492 өрт тіркелді.

Ермек ЕЛЕМЕСОВ

Baq.kz