Негізгі бет  /  мақалалар  /  Әкім Сағынтаевтан сөз естіді

Әкім Сағынтаевтан сөз естіді

Айқын-ақпарат
1016
Әкім Сағынтаевтан сөз естіді Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев Астана әкімі Әсет Исекешевті жолдардағы қар мен кептелістер үшін сөкті.

- Қалай түгелдей тұрып қалды, барлығы жұмысына кешігіп жатыр. Ешқандай дайындық болмағандай. Бұл сіздің әкім қызметіндегі бірінші қыс. Бірінші сынақ. Осы жағдайдан лайықты түрде шығуыңызды тілейміз, - деп ескертті үкімет басшысы Исекешевті.
Әсет Исекешев өз кезегінде қар тазалау жұмыстарының түнгі екіден басталғанын және осы уақытқа дейін барлық көшенің тазартылғанын атап өтті.
- Шын мәнінде бізде ауа райы тез өзгереді. Біз дайындалдық, қардың толассыз жаууына байланысты кептелістер пайда болды. Мұнда ауа райы жағдайына байланысты, барлығы реттеледі. Түні бойы барлық машина жұмыс істеді, қала көшелерін толықтай тазалау жұмыстары жүргізілді, - деді Исекешев.
tengrinews.kz