Негізгі бет  /  мақалалар  /  Трампқа импичмент жариялануы мүмкін

Трампқа импичмент жариялануы мүмкін

Берік БЕЙСЕНҰЛЫ
1305
Трампқа импичмент жариялануы мүмкін Соңғы отыз жылдан астам уақыттан бері Ақ үйге кімнің келетінін өзгелерден бұрын болжап жүрген тарих ғылымының маманы, профессор Алан Лихтман кеше тағы сенсациялық мәлімдеме жасады.

Дональд Трамптың президент болатынын да дәл айтқан Алан Лихтман алайда «сары шашты»  жетпістегі шалдың креслода ұзақ отыратынына сенбейді.  Профессор Дональд Трампқа алдағы уақытта импичмент  жариялануы мүмкін екенін айтты.

Аллан Лихтман «Ақ үйге апарар 13  кілт» атты әдіснамалық ғылыми еңбекті жазған профессор. Ол 1982 -2012 жылдар аралығында өткен барлық президенттік сайлауда кім жеңімпаз атанатынын дәл болжаған адам.

Washington Post  басылымына берген сұхбатында  «менің тағы көріпкелдік жасағым келіп тұр.   Бұл жолы болжамды ғылыми еңбегіме сүйеніп айтып отырған жоқпын, бірақ интуициям арқылы білдіріп отырмын. Демократтарды былай қойғанда, республикашылдардың өзі Трамптың бірқатар ұстанымдарын қолдамайды. Олар Трампқа еркіндік беріп қойса, онда «сары шашты шал» бой бермей кетеді. Сондықтан олар Трампт президенттікте ұзақ отырса, республикашылдарға абырой әпермейтінін түсінеді. Республикашылдар жаңа президентті барынша бақылауда ұстауға тырысады. Сондықтан «Трамптың көптеген көзқарастары АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігіне қауіп төндіреді» деген желеумен Трампқа импичмент жариялауға тырысады. Ал оның орнына  вице –президентке ұсынылып отырған  Индиана штатының губернаторы Майкл Пенс келуі мүмкін», -дейді профессор Аллан Лихтман.

Ал өз кезегінде Еврокомиссияның төрағасы Жан-Клод Юнкер «АҚШ президенті болған Дональд Трамп ел аралап, әлемді тану үшін екі жылын сөзсіз жоғалтады. Сыртқы саясаттағы тәжірибесінің жоқтығынан ол қай елдің қайда орналасқанынан да хабарсыз. Сондықтан президенттік төрт жылдық мерзімнің екі жылы босқа кетеді» деп мәлімдеді.