Негізгі бет  /  мақалалар  /  Еріктілерді дайындау басталды

Еріктілерді дайындау басталды

Досжан БАЛАБЕКҰЛЫ
1228
Еріктілерді дайындау басталды Алматыда 28-ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиада еріктілерін дайындауға арналған оқу бағдарламасы басталды.

Дайындық сабақтарына Универсиада Дирекциясы тарапынан тағайындалған 150 үйлестіруші-ерікті қатысады. Оқу бағдарламаларының мақсаты – еріктілерге лидерлік қасиеттерді үйретіп, күйзелісті жағдайларда өзін-өзі ұстауды меңгеру, шетелдік азаматтармен жұмыс атқаруды және шетелдік спортшылармен бейімді байланыс орнатуды үйрету.

Оқу бағдарламаларын халықаралық дәрежедегі тренерлер өткізеді. Олар: Бауыржан Қасымбергебаев – «Winners Academy» зияткерлік бизнес клубтары Халықаралық жүйесінің Азия дамуы бойынша Президенті, «Стандарт образования» корпорациясының Президенті, Сабина Чукаева – қазақстандық ЮНЕСКО Халықаралық федерациясының бас хатшысы, Асхат Абжанов– «Жаңа Ұрпақ» жастарды дамыту Республикалық орталығының бас директоры, «Новое поколение» жетекшілік мектебінің негізін қалаушы.

Спикерлер жоғарғы дәрежедегі халықаралық спорттық шараларға қатысты тақырыптар бойынша тренингтер өткізеді. Сондай-ақ, бапкерлер студенттік шақтағы әлеуметтік өмірдің белсенділігінің маңыздылығы жайлы сөз қозғайтын шеберлік-сабақтарын ұйымдастырады.

12-26 қараша аралығында үйлестіруші-еріктілер үшін арнайы квест-ойындар  ұйымдастырылады. Квестер Универсиада жарыстары өтетін орындарда ойналады. Олар: «Медеу» тау шаңғысы кешені, «Шымбұлақ» тау шаңғы кешені, «Халық Арена» мұз айдыны, Атлеттер ауылы, «Алматы Арена» мұз айдыны, «Сұңқар» халықаралық трамплиндер кешені, Балуан Шолақ атындағы спорт сарайы, «MEDAL PLAZA» мерекелеу және марапаттау алаңы.

Еріктілерді оқытуға байланысты өз пікірімен, Универсиада-2017 дирекциясы еріктілер бөлімінің жетекшісі Абылай Қондыбаев:

-Универсиада қонақтары мен қатысушыларын қажетті қызметтермен қамтамасыз ету үшін, 3000 ерікті жұмыс атқарады. Ал еріктілердің жұмысын ұйымдастыратын қабілетті адамдар керек. Біз 150 адам тағайындадық, олар өз оқу орындарының, ұйымдарының үздіктері. Үйлестірушілерге арналған білім бағдарламаларында әр түрлі бағыттардағы тренингтер бар, олар көшбасшылық, тотастыру, өзін-өзі ұстау және басқа.

Еріктілерді оқытуға байланысты, тренинг-бапкер Асхат Әбжанов :

-Үйлестіруші еріктілер үлкен іс-шараларды өткізу, ұйымдастыру жүйесіндегі  маңызды адамдар. Олардың қонақтармен тіл табыса білуі, өз-өзіне сенімділігі, өзін-өзі ұстауы – кез-келген маңызды шараның сәтті өтуінің кілті. Біздің жұмысымыз ерікті бойындағы жетекшілік қасиетті әрі қарай дамыту, оны бағыттау. Бұл біріншіден еріктінің өзі үшін қажет, екіншіден қонақ күткен тарапқа маңызды.

Досжан БАЛАБЕКҰЛЫ