Басты  /  мақалалар  /  Туристік кластердің көркейетін күні жақын

Туристік кластердің көркейетін күні жақын

Берік БЕЙСЕНҰЛЫ
1957
Туристік кластердің көркейетін күні жақын Елбасы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты»атты халыққа арнаған дәстүрлі Жолдауында «Алдағы дамудың ең маңызды мәселесінің бірі болып шетелдік инвестицияның Қазақстан экономи­ка­сына тікелей түсуін әртараптандыру болып табылады.

Оларды келешегі бар салаларға бағыттау керек, мысалы, туризм саласына. Дамыған мемлекеттердің жалпы ішкі өнімінде туризм кластерінің үлесі 10 пайызды құрайды. Ал бізде бұл 1 пайыздан төмен. Сондықтан мем­ле­кеттегі туризмнің өсу және даму нүктелерін анық­тау керек, олар аз емес» деп атап көрсеткені белгілі.

Президент тапсырмасына сәй­кес, елде туризм саласын дамы­тудың жоспары жасалды. Осыған байланысты арнайы бірқатар заң­дар қабылданды. Осы ретте Қа­зақстан Республикасының ту­ристік саласын дамытудың 2020 жылға дейін тұжырымдамасы, Қа­зақстан Республикасының Пре­зиденті Нұрсұлтан Назар­баевтың «Әлеуметтік-экономи­калық жаңғырту – Қазақстан да­муының басты бағыты» атты Қа­зақстан халқына Жолдауын, Қазақстан Республикасының үде­­мелі индустриялық-иннова­циялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемле­кеттік бағдарламасы, сонымен қатар маңызды әлеуметтік-эко­номикалық бағыттардың бірі ретінде Қазақстан Республика­сының 2020 жылға дейінгі стра­те­гиялық даму жоспары әзірленді.
Елбасының тапсырмасына сәй­кес 2020 жылға дейінгі ту­ризмді дамыту тұжырым­дама­сында атап көрсетілгендей, елі­мізде 5 туристік кластер құрылды. Атап айтар болсақ, Астана агло­ме­рациясы, Алматы, Шығыс, Оң­­түстік және Батыс Қазақстан. Осы кластерлер бо­йын­ша бір­ыңғай жоспар әзір­леніп, инфра­құрылымның қайда орналаса­ты­ны қазірдің өзінде анықталды. 
Елбасы тапсырмасына сәйкес құрылып отырған 5 туристік клас­тердің бірі Оңтүстік Қазақ­стан облысы Ұлы Жібек жолы бо­йын­да орналасқандықтан мұн­дағы қалалар мен табиғаты ға­жайып көрікті жерлер ежелден саяхат және туризмнің нысаны болға­нын айта кету қажет. Оларға түркі әлемінің ежелгі шаһары Түр­кі­стан, Қожа Ахмет Яассауи ке­се­несі, Абаб-Араб мешіті, Гауһар-ана зираты, Әли-Қожа бейіті, т.б. жатады. Одан басқа Арыстан баб кесенесі, Ибраһим ата бейіті, Қарашаш ана кесенелері келуші­лерді қызықтыратыны сөзсіз. 
Оңтүстік Қазақстан аймағы бо­йынша құрылатын кластер Қызылорда облысының орталық және шығыс бөліктерін, Оңтүстік Қазақстан облысының оңтүстік бөлігін, Жамбыл облысының оң­түстік-батыс бөлігін құрайды. Де­мек, Қазақстан Республикасы­ның туристік саласын дамытудың 2020 жылға дейін тұжырым­да­масында атап көрсетілгендей, осы аймақ бойынша Шымкент қала­сы кластердің орталығы бо­лады.
Расында да Шымкент қаласы кейінгі кезде шырайланып, қа­ла­ға келетін туристердің саны жыл сайын артып келеді. Себебі, шы­райлы қалада келушілерді қы­зықтыратын көрікті жерлер өте көп. Негізі, көзбен көргенге еш­те­ңе жетпейді ғой. Жалпы, қала­ның жылы аурасы жұртшылық­-ты өзіне жақын тартады. Осы өл­кенің энергетикасы адамды нем­құрайды қалдырмайды. Мұн­да қызықты, ең бастысы, оларсыз шаһарды елестете алмайтын көп нәрселер бар. 
1. Өзіңді баурап әкететін мега­полиспен танысудың ең жақсы әдісі – ескі және жаңа көше бо­йымен серуендеу. Автокөліктің жа­бық терезесінен шуақты өл­кенің әсемдігін көруге болар. Бірақ көлікпен көп қыдырған­-нан гөрі велосипедті пайдаланып, қала­ның көптеген аудандарында тұрған Shymkent Bike-ті жалға алғанның жөні артық.
2. Екі қабатты экскурсиялық автобуспен қаланы аралап, оның ерекшелігін сезінген дұрыс. Гид­сая­хатшыларға негізгі тарихи ес­керткіштерді, қаладағы қазіргі сәулетті орындарды жалықпай көр­сете алады. Бұл бір кештің ішін­де қаламен танысып өту үшін жасалған тамаша мүмкіндік.
3. Қаланың дәл ортасында ең таза Кошқар ата өзені ағады. Суы­ның дәмін татып, оның ши­па­лы қуатын ғана емес, шым­кент­тіктерге тән мейірімді энер­гетикадан да күш алуға болады. «Бұл өзеннен су ішкен адам мін­детті түрде осында тағы да ора­лады» деген деректі аңыз бар. 
4. Мұндағы жануарлар паркі келушілерді қуана қарсы алады. Қонақтар әртүрлі жануарларды қызықтайды.
5. Саяхат аса жалықтырмас үшін жаңа «Жайлаукөл» дема­лыс саябағында кішкентай үзіліс жасауға болады. Орта Азиядағы ең биік Altyn eye шолу доңғала­ғы­на шығып, қаланы алақанда­ғы­дай айқын көргеннің орны бөлек. 
6. Әрине, қала өзінің қанықты өмірімен қызықтыратынына еш­кімнің күмәні болмайды. Шы­райлы шаһарда ешқандай басқа қалада жоқ алуан түрлі тағамдар бар. Әйгілі Шымкент кәуаптары, тандыр самсасы, хош иісті палау, нағыз шығыс шайының жөні бө­лектігін дәм тату арқылы ғана се­зінуге болады. 
7. Қала тұрғындарының ең сүйікті жері – әйгілі «Дендро­парк». Мұнда тұрғындар отбасы­лық сейіл құрып, самал желмен және таза ауамен тыныстап, де­ма­лады. Дәл осында қаланың нағыз қайнаған өмірін көруге болады. Жас жұбайлар аллея­сында ғашықтарға көз тастап, «Махаббат патшалығы» сарқы­рамасында тілек тілеуге болады.
8. Облыстық өлкетану мұра­жайы оңтүстік өңірдің 2200 жыл­дық тарихынан сыр шертеді. Ұлы Жібек жолындағы ежелгі қала­лардың мәдениеті мен тарихы туралы, сондай-ақ бірнеше ғасыр бұрын осы жерді мекендеген қа­зақ халқының салт-дәстүрлері туралы әңгімелер де жұртшы­лықтың танымына зор әсер ете­тіні даусыз. 
9. Қала тұрғындарының түнгі өмірі Тәуелсіздік саябағында жал­ғасады. Музыкалық бұрқақ­тар классикалық және қазіргі за­манғы музыканың сүйемелдеуі­мен түрлі түсті нұр шашып, саябақ ұдайы мереке сезімін тудырады. Тәуелсіздіктің 20 жылдығына са­лынған бұл саябақтың Шымкент үшін орны ерекше.
10. Қаладан 40 шақырым жер­де орналасқан Қазығұрт тауы қа­жыға барушылар үшін жинала­-тын тарихи мекен. Ортағасыр­лық сәулеттің жауһары – ондаған мың туристер жиналатын ежелгі Түркістан түркі дүниесінің бесігі болса, Ахмет Яссауи кесенесі ЮНЕСКО-ның мәдени мұрасына енгізілген киелі жер.Ақ мешіт үңгірі көмекке мұқтаж жандарға өзінің ғажайып күшімен қуат бе­реді. Азиядағы айшықты Ақсу-Жа­бағылы қорығы да жұрт­шы­лық­­тың есінен мәңгі кете қой­майды. 
11. Шымкент базары арзан әрі мұнда құстың сүтінен басқаның барлығын да кездестіруге бо­ла­-ды. Шығыс тәттілері, кептірілген жеміс пен оңтүстіктің құртының орны бөлек. Қонақтар өзімен бір­ге қайтарда базарлық алып кетуді әрқашан да ұмытпайтын себебі де осы. 
12.Жібек жолы бойындағы бұл қаланың жұртына тән бір нәрсе бар: Ол қонақжайлылық пен ба­уыр­малдылық. Расында олардың бойынан жылы шырайлылық және қарапайымдылық көрініп тұрады. 
13. Естелік үшін суретке түсу­дің жөні бөлек. Сондықтан Жібек жолы бойындағы қаланың қа­рыш­тап дамып, көркейіп келе жат­қаны шын мәнінде, көңілді көтереді. 
Оңтүстік Қазақстан облысын­да сонымен қатар Қазақстан Рес­публикасының туристік саласын дамытудың 2020 жылға дейін тұ­жырымдамасында атап көрсе­тілген тарихи жерлер жетерлік. Елбасы тапсырмасына сәйкес, туристік кластерге еніп отырған Қожа Ахмет Яссауи кесенесі, ор­тағасырлық Отырар қалашы­ғы­ның және ЮНЕСКО-ның ал­дын ала тізіміне енгізілген оты­рарлық алқаптың археологиялық объек­тілері, Сауран археология­лық кешені, ЮНЕСКО-ның ал­дын ала тізіміне енгізілген палео­лит­тік бөліктері мен геоморфо­ло­­гиясы және Арпаөзен петро­глифтері бар «Қаратау» мем­ле­кеттік табиғи қорығы, ЮНЕСКО-ның алдын ала тізіміне енгізіл­ген Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығы, Сайрам-Өгем мем­лекеттік ұлттық паркі де біз­дің мақтанышымыз, көрікті жері­міз.
Ең айта кетерлігі, Оңтүстік Қазақстан кластері болашақта «Ұлы Жібек жолының жүрегі» ретінде сипатталып, осы аймақ бойынша Шымкент қаласы клас­тердің орталығы болады.
Президенттің 5 институттық ре­форма, 100 нақты қадамының 57-қадамында. «Туристік кластер құруда үздік тәжірибесі бар стра­тегиялық (зәкірлік) инвесторлар тарту» туралы мәселе айтылған. Сондықтан алдағы уақытта Қа­зақ­стандағы туристік кластердің дамуы экономикаға, экологияға, технологияға, басқа да сала­лар­дың көркейіп, кіріс көзін арт­ты­руға себепші болатынына сенім мол.