Негізгі бет  /  мақалалар  /  «Ерлер денсаулығы» ел үшін керек

«Ерлер денсаулығы» ел үшін керек

Нұрсұлу МЫРЗАХМЕТОВА
1012
«Ерлер денсаулығы» ел үшін керек Әйелдер мен ер азаматтар­дың дені сау болуы халық өсіміне ықпал ететін бір­ден-бір фактор.

Алайда ерлер көп жағдайда дәрігерге қаралуға құлықсыздығы, әйелдерге қарағанда, өмір сүру жасының да қысқа екендігі жиі айтылады. Бүгінде ерлердің репро­дук­тивті денсаулығы­на қатысты бедеулік жиілеген. Яғни олар­дың бедеулігі 20,6-дан 50 пайыз­ға жеткен. Ал «Саламатты Қазақстан­ның» орнына келген, 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мем­лекеттік бағдарламасы халықтың денсаулығын нығайтуды, өмір сүру ұзақ­тығын ұлғайтуды көз­дейді. Жалпы, 25 жыл ішінде азаматтар денсаулығын бақылайтын Б.Жарбосынов атындағы урология ғылыми орталығы осы мақсатта қандай жұмыстар атқарды?

Мырзакәрім АЛШЫНБАЕВ, Б.О.Жарбосынов атындағы урология ғылыми орталығының басшысы, профессор:
– Еркектердің өмір сүру ұзақ­тығы қанша? Соңғы жылдары елі­міздегі бедеулік фактілері қанша пайызға өсті?
– Статистика бойынша, елі­мізде жыл сайын 15-60 жас ара­лы­ғындағы қыздар мен әйел­дер­дің 100-і қайтыс болса, 15-60 жас аралығындағы бозбала мен ер­кектер арасында 228 адам көз жұ­мады. Сол себепті соңғы уақыт­та ерлер денсаулығы жай­лы мәселе жиі көтерілетін болып жүр. Себебі ерлер денсаулығына жете мән бермеу, демографияға кері әсерін тигізбек. Ерлер денсаулығы мықты болмаса, бала туу көрсеткіші де төмендейтіні анық. Негізі, бе­деулік, белсіздікке үш түрлі себеп әсер етеді: бірінші – туабітті ауру, екінші – жыныстық қатынас ар­қы­лы таралатын инфекция, үшін­шісі– қуық безінің түрлі аурулары. Елімізде жыл са­йын ерлер бел­сіздігі артып келеді. Мысалы, бір­неше жыл бұрын 10-12 пайыз жанұя сәби сүйе алмай, оның 79,4 па­йызы әйел бедеу­лігіне, 20,6 па­йызы ерлер бай­ланысты бо­латын. Яғни ба­­ласы жоқ 5 жан­­ұяның бі­реуінің себе­бі ер азамат бе­деу­­лігінен еді. Ал қазір, Қа­зақстанда бар­лық жан­ұя­лар ішін­де бе­деу­лік 16 па­йыз­ға жет­се, со­ның 50 пайызы – ер­кек­тік бе­деулік. 
– Ер азаматтардың дертіне, белсіздікке қатысты теле­арна­лардан түрлі дәрілердің жарна­масы беріледі. Сол дұрыс па?
 – Дұрыс емес, оған түбегейлі қар­сымын. Себебі, жарнама жасау үшін де дәрі нәтижесін көрсетуі тиіс, әрі оны дәрігер, яғни сол саланы бес сауса­ғын­дай меңгерген маман айтуы керек. Ал одан тыс адам­ның жар­на­ма­сын қа­был­­да­мау ке­рек, оның оған құ­қығы да жоқ. Жар­намаға сене бер­ме­ңіз­дер дер едім. Оны адамға жа­на­шырлықпен емес, ақша табу үшін жасайды. 
 – Ол дәрілерді ұсынасыздар ма?
 – Жоқ. Біз дәрі тағайындау үшін шетелдік тәжірибеге сүйене отырып, тексерістен өткіземіз. Оның пайдасы бар екенін көр­ген­де ғана тағайындаймыз.
– Ерлер өз еркімен медицина­лық көмекке жүгіне ме?
– Олар әліде денсаулықтарына көңіл бөлмейді. Ерлерге кейде «ең болмаса, әйелдерден үлгі алмайсыңдар ма?» деймін. Нәзік жандар ауырса, анализ тапсы­рып, ем алады. Ал ерлер ауырса, не істейді? Арақ ішеді, моншаға барады, іштегі жарасын сонымен басады. Сөйтіп ауру асқынғанда бір-ақ кеп тұрады. Мұндай жағ­дай қазаққа тән ғана емес, дү­ниежүзінде солай.
– Мүмкін оларды ауру маза­ла­майтын болар. 
– Олай болса, неліктен әйел­дерге қарағанда, үш есе аз өмір сү­реміз? Елімізде зейнет жасын­дағы ерлер саны небары 670 мың, ал әйелдер саны үш есе ар­тық. Адам спортпен айналысуы керек, сапа­лы өмір сүруі қажет. Сапалы өмірді ағайынға, бала-шағасына, қоғамға масыл бол­мауы тиіс деп түсінемін. Бағдар­ламамыздың негізгі мақ­саты да сол.     
– «Ерлер денсаулығы» бағдар­ла­масы мен «Ерлер денсаулығы ор­та­лығының» жұмыс жөнінде ай­ты­ңызшы...
– Дүниежүзі бойынша Ерлер денсаулығы орталығын ашқан бірінші елміз. Қазір әр облыста бар. Ол жерде андролог қана емес, эндокринолог, терапевт, кар­дио­лог, дерматовенеролог маман­дар жұмыс істейді. Себебі жүрек ау­руы, қан қысымы, қант диабеті және басқа да аурулар кездеседі. Кө­біне ерлер денсау­лығы қы­рықтан асқанда маза­лайды. Бізде 18-ден 90 жасқа дейінгі ер адамдар емделіп жатады. Ал бағдарламаға келетін болсам, ТМД-ның бас урологтары осы жобаны ТМД ел­дерінде енгізбекші екенін айтты. Екі жыл бұрын Сеулде Азия және Тынық мұхит елдерінің конгресі өтті. Сол кезде Жапония, Корея, Қытай және Моңғолия елдері де бағ­дарлама моделін өз елдерінде пай­даланып, «Ер адамдар ден­сау­лығы» жобасын жүзеге асыруда Қа­­зақ­станмен ынтымақтастық ор­на­туға дайын екенін жеткізді. Енді, ал­дағы 2017 жылы Сеулде келісім жа­салмақ. 

 

Керек-дерек:
Алматыдағы академик Б.Жар­босынов атындағы урология ғы­лыми орталығына биыл 25 жыл, Институт 
25 жылда 30 ғылым докторын, 95 ғылым кандидатын даярлап шығарған.