Басты  /  мақалалар  /  Нашақорлықпен қоғам болып күресеміз

Нашақорлықпен қоғам болып күресеміз

Айқын-ақпарат
1093
Нашақорлықпен қоғам болып күресеміз Ерлан АКБАРОВ, ІІМ Көліктегі ІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының бастығы:

– Ерлан Әлмұратұлы, қазіргі таңда есірткіге тәуелділік қоғамдағы ең бір өткір мәселенің бірі болып отыр.  Бұл індет, өкінішке қарай, жастар арасында кең таралуда. Есірткі бизнесіне қарсы күрес саласының білікті маманы ретінде  есірткіге тәуелділік қалай басталады? Ғасыр дертіне айналған нашақорлықтың қалайша алдын алуға болатынын айтсаңыз?

– Бәрі әдеттегідей еліктеуден басталады. Уақыт өте белгілі бір адамдар тобы жастарды есірт­кіге әуестендіреді. Есірткі қол­да­нудың соңы қандай қиын жағ­дайға душар ететінін әлі сезін­бе­ген жасөспірім бірте-бірте тә­­уелді бола бастайды. «Есірткі дә­мін бір рет татып көріп, кейін тас­тап кетем» дегендер қатты жа­ңылысады. Нашақор есірткі қабылдауды өз бетімен тұрмақ, ұзақ емделудің арқасында да тоқтата алмайды. Есірткіні алғаш қолданып жатқан адам өзінің қылмыскерге айналып бара жатқанын ешқашан ойламайды. Есірткі еліктейтін нәрсе емес. Нашақорлықтың алдын алу үшін жасөспірімнің жүріп-тұратын ортасы – отбасы, мектеп, айна­ласындағы қоршаған орта, дос­тары – баршасы бірлесе кірісуі қажет. Бұлар әрбір жасөспірім үшін тәрбие мен бақылау ошақ­тары боп саналады.  Бір сөзбен айтқанда, нашақорлықпен бүкіл қоғам боп күресуіміз қажет.
– Есірткі қылмысының ал­дын алу мақсатында қандай про­­­филактикалық іс-шаралар өткізіледі?
– ҚР ІІМ басшылығының және Көліктегі ІІД бастығының жоспарлары мен бұйрықтарына сәйкес департаменттің қызмет көрсету аумағында Көліктегі ІІД желілік бөліністерінің барлық күштері мен құралдарын тарта отырып, «Көкнар – 2016», «Наркотрафик», «Допинг» жедел-профилактикалық іс-шаралары ұдайы түрде өткізіліп тұрады. Бізбен есірткіге тәуелділерді емдеу, сауықтыру және профи­лактика жұмыстарына  жіті көңіл бөлініп отырады. Сон­дай-ақ халық арасында есірт­кіге қарсы иммунитетті қалып­тастыру мақсатында есірткі қолданумен байланысты шы­на­­йы оқиғалар мен есірткі бизнесіне қарсы күресте құ­қық қорғау органдарымен қа­был­данып жатқан шаралар туралы БАҚ арқылы азаматтарды ха­барландыру ұйымдастырылады. Бұл бағыттағы жұмыстарды жариялауға республикалық же­текші БАҚ өкілдері жұмыл­дырылған. Мәселен, та­мыздың 22-26 аралығында Кө­­ліктегі ІІД қызмет көрсету ау­мағында «Допинг» жедел про­фи­лактикалық опе­рациясы өткізілді.
– Көліктегі ІІД желілік бө­ліністерінің есірткі бизнесіне  қарсы күрес саласында батыл қа­дам­дар жасай отырып, нә­ти­желі жұмыстар атқарып жат­­­­қа­нын айтып өттіңіз. Осы жедел про­филактикалық опе­рациясының негізгі мақсаты қан­дай?
– Есірткі заттары көп рет­те темір жол көлігімен тасы­малданады.Қылмыстық топтар адамзат баласына қасірет әкелетін осы заттарды түрлі қитұрқы жол­дармен осы көлік түрлері ар­қылы тасымалдауға тырысады. Алайда қырағы сақшылардың сақ әрекеттерінің арқасында олардың жолдары кесіліп жатады. 
Бүгінгі таңда өткізіліп жатқан операцияның да негізгі мақсаты есірткі заттарымен, психотропты немесе улы заттармен жұмыс іс­теу қағидаларын бұзу, аса ірі мөлшердегі есiрткi, психотроптық зат­тарды, сол тек­тес­терді өткізу мақ­сатынсыз заң­сыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау бойынша  көзделген қылмыстарды анық­­тау болып та­былады. 
– Аталған опе­­рацияға Кө­лік­тегі ІІД-нің қан­­­ша күштік  құ­ры­лым­да­ры  жұ­мыл­­дырылды? 
– ҚР ІІМ Кө­ліктегі ІІД есір­т­кі қыл­мы­с­­­та­­ры­­ның алдын алу­­­ға бағытталған же­­дел-про­филактикалық іс-шаралар ұдайы түрде өткізілетінін айтып өттік. Осы орайда бір нәрсені айтып өту қажет. Департамент пен оның желілік бөліністерінде қызмет атқаратын қызметкерлердің бә­рі өз кәсібінің қыр-сы­рын­ те­­­рең меңгерген, нағыз кә­­­сі­би мамандар. Бұл шараға да Есір­ткі бизнесіне қарсы кү­рес басқармасының  75, Ки­но­ло­гия­лық қызметтің 25 қыз­мет­кері, барлығы жүзден аса қызметкер  сақадай-сай жұ­мыл­дырылды.
Сондай-ақ операция бары­сында прекурсорлармен жұмыс жасауға лицензиясы бар 57 қо­жалық субъектілері және 24 қойма тексерілді.
– Іс-шараның нәтижесі қан­дай?
– Операцияны өткізу ба­рысында ҚР ҚК 296-бабы 4-­тармағы және 303-бабы 1-­­тар­мақтары  бойынша 8 қыл­мыс және ҚР ҚК 296-бабы 1,2,3-тармақтары бойынша 11 қыл­­мыстық теріс қылық анық­талды. Заңсыз есірткі ай­на­лы­мынан 17 келіден астам түрлі есірткі заттары, сондай-ақ 277 келі прекурсорлар тәркіленіп алынды.
Мәселен, 2016 жылғы 21 тамыз күні «Алматы – 2» стансасында «Маңғышлақ – Алматы» ба­ғы­­тындағы жолаушылар по­йы­­­­зының вагонында «Ал­ма­ты­ – 1» стансасындағы ІІЖБ ЕБҚКб қызметкерлерімен Ал­­­маты облысының тұрғыны 1970 ж.т. В.Кашин ұсталып, уа­қытша тергеу изоляторына қамалды. Күдіктіден 4 ке­лі 526 гр марихуана және 1,8 гр гашиш табылып, тәркіленіп алын­ды. 
– Әңгімеңізге рақмет.

Сұхбаттасқан 
Ершай ӘЗІРЕТ