Негізгі бет  /  мақалалар  /  Жегені желкесінен шықты

Жегені желкесінен шықты

Айқын-ақпарат
1369
Жегені желкесінен шықты Қарағандылық жемқорларлар бюджетке 62 млн теңгеден астам қаржы құйды. Осакаров ауданының бұрынғы әкіміне 200 000 теңге пара алғаны үшін Қылмыстық кодекстің 366-б.

2-б. сәйкес 12 млн теңге сомасында айыппұл тағайындалды. Елбасының Қазақстанды түрмеге жабылғандар деңгейі жоғары 50 елдің қатарынан жою туралы тапсырмасына сәйкес, 2014 жылы қолданыстағы заңнаманы ізгілендіруге бағытталған бірқатар шаралар жүзеге асуда.

– Мәселен, сыбайлас-жем­қор­лық қылмыстары бойынша жауапқа тартылған азаматтарға заң­сыз алынған сыйақыны (пара) бірнеше есе артық айыппұлмен өтеу жазасын тағайындау қарас­ты­рылған. Аталған санаттағы сот­­­талушылар қастандықпен бай­ланысты емес қылмыстар жа­сауына байланысты, оларға қа­тыс­­ты айыппұл түріндегі жаза қол­данылуы неғұрлым тиімді ық­палды шара болып табылады, – деп хабарлайды Қарағанды об­лысы прокуратурасының бас­па­сөз қызметі.
Сондай-ақ бас бостандығынан айырудың баламасы ретінде қол­да­­­нылатын айыппұл төлеу ша­ра­сы мемлекет бюджетін толық­тыру­­ға септігін тигізеді. Егер, қол­­­­­даныстағы заңнамаға сәйкес, та­­ғайындалған айыппұл төлен­бе­ген жағдайда ол бас бостанды­ғы­нан айыру жазасына ауыстыры­ла­тынын атап өту қажет.
Қарағанды облысының про­куратура органдары қылмыстық заңнаманың жоғарыда аталған жаңалықтарын жүзеге асыру жұмыстарын белсенді жүргізуде.
Атап айтқанда, жыл басынан бері мемлекеттік айыптаушылар сот жарыссөзінде 18 іс бойынша 20 тұлғаға қатысты айыппұл төлеу жа­засын қолдану көзқарасын ұс­танған. Нәтижесінде, соттал­ған­дарға 62 млн теңгеден астам сома құрайтын айыппұл тағайын­дал­ған.
Мысалы, ағымдағы жылдың 5 та­мызында Осакаров ауданының бұрынғы әкімі 200 мың теңге пара алғаны үшін Қылмыстық ко­декс­тің 366-б. 2-б. сәйкес 12 млн теңге со­масында айыппұл төлеу жаза­сы­на тартылған. Баптың санкция­сына сәйкес айыппұл сомасы па­раның 60 еселік сомасына тең болуы қажет.
Ағымдағы жылдың қаңтар айын­да Жезқазған қалалық со­ты­ның үкімімен өңір тұрғынына ҚК 366-б. 2-б. бойынша сыбайлас-жем­қорлық құқықбұзушылық жа­сағаны үшін  жаза ретінде та­ғайын­далған 36 млн теңге сома­сын­дағы айыппұл 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасына өзгертілді, – деп мәлімдеді Қара­ған­ды облысы прокуратурасының бас­пасөз қызметі.

Ләззат ҚОЖАХМЕТОВА,
Қарағанды облысы