Басты  /  мақалалар  /  ЖАҢА БЕЛЕСТЕРДІ БАҒЫНДЫРУ

ЖАҢА БЕЛЕСТЕРДІ БАҒЫНДЫРУ

Айқын-ақпарат
1217
ЖАҢА БЕЛЕСТЕРДІ БАҒЫНДЫРУ Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Ұлт жоспары кіріс­песінде:

 «100 нақты қадам» – бұл Жаһандық және ішкі сын-қатер­лерге жауап және сонымен, бір мезгілде, жаңа тарихи жағдай­лар­да ұлттың дамыған мемле­кет­тердің отыздығына кіруі жө­нін­дегі жоспары» деп атап көрсет­-кен болатын. Белгілі қоғам және мем­лекет қайраткерлері көптеген беделді мекемелердің басшы­лары да аталған реформаның ма­ңызы туралы ой-пікірлерін ор­таға салып, халықпен емен-жарқын бөліскен болатын. Пікір білдірушілердің алғашқы қа­та­ры­нан табылып, өз көзқарасын нақты жеткізіп, ойға ой қосқан­дардың бірі – әл-Фараби атын­дағы Қазақ ұлттық универ­си­тетінің ректоры, академик Ға­лым­қайыр Мұтанұлы Мұтанов болды.
«Мақсатымыз – мәңгілік ел» («Егемен Қазақстан», 13 мамыр 2015, №88) атты мақаласында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ бас­шысы: «Экономиканы трансфор­мациялау келешегі көп жағдайда отандық университеттерге бай­ла­­нысты. АҚШ, Жапония, ҚХР, Финляндия сияқты табысты да­мыған елдердің тәжірибесі көр­се­тіп отырғанындай, жоғары тех­­­нологиялы өндірісті қалып­тас­тыру мен дамыту қуатты да ірі университеттердің негізінде және олардың белсене қатысуы арқылы жүргізілгендігін көрсетіп отыр. Осыған орай, Қазақстан университеттері де елдің иннова­циялық жүйесінің үштік серпінін құруда өзінің зияткерлік орнын тауып, бәсекеге қабілетті маман­дар ұстаханасы, жаңа білімдер мен инновацияларды өндіру ор­талықтары болуға тиіс, сөйтіп, бі­лімге негізделетін экономика­ның нақты нысаны болуы қа­-жет» деп тұжырымдады.
Расында да, Ғалымқайыр Мұтанов атап көрсеткендей, мем­лекеттік құрылымдар қата­рында Қазақстан университет­тері де елдің инновациялық жү­йе­сінің үштік серпінін құруда өзінің зияткерлік орнын тауып, бәсекеге қабілетті мамандар ұс­таханасын, жаңа білімдер мен инновацияларды өндіру орта­лық­тарын күшейтуі қажет, сөй­тіп, білімге негізделетін эконо­ми­каның нақты нысанына айна­луы тиіс. Нақты іс-қимылдар әл-Фараби атындағы Қазақ ұлт­тық университетінің қабырға­сында белгілі дәрежеде жүзеге асып жатыр. Енді солардың бі­разына тоқталып өтсек деймін.

 

Әлемнің жетекші универ­си­теттері үлгісімен Қазақ ұлттық уни­верситетінде халықара­лық жоғары стандартқа сай және халықаралық тіркеуден өткен тәжірибелік білім бағдар­лама­лары оқу үдерісіне енгізілді. Уни­верситеттің жемісті жұмыс қо­рытындыларының бірі – әлемдік жетекші жоғары оқу орын­дары­ның (EО, АҚШ, MDP/Global Class­room, Жапония, ТМД және т.б.) екі дипломдық бағ­дарламаларын жүзеге асыру ісі болды. ҚазҰУ зертханалары Рос­ток университетінде (Алмания), Карачи қалалық институтында (Пәкістан) ашылуы, сондай-ақ «әл-Фараби орталығының» Иор­данияда іске кірісуі, «Кампустағы кампус» атты жобаның Цукуба университетімен (Жапония) бір­лікте жүзеге асырыла бастауы да айтарлықтай табыстар болып са­налады. 
Қазақстанда алғаш рет Қазақ ұлттық университеті базасы негі­зінде халықаралық UNIFORM студенттік жобасын жүзеге асыру аясында Токио университетімен бірге «Әл-Фараби-1», «Әл-Фа­ра­би-2» ғылыми-технологиялық на­носпутниктер жасалып шық­ты. Сондай-ақ «Индустриал­ды-ин­новациялық дамудың мемле­кет­­тік бағдарламасы – 2» (ИИДМБ-2) бойынша кадрлар дайындалуда.
2014 жылдың тамыз айында қол қойылған ҚазҰУ мен Ха­лықаралық білім бойынша аме­ри­калық кеңес (ACCELS, АҚШ) арасындағы ынтымақтастық ту­ралы екі жақты келісім амери­калық жоғары оқу орындарымен тығыз қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік берді. Қатарынан екі жыл 26 америкалық студенттер орыс және қазақ тілін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық универ­ситетінің филология және әлем тілдері факультетінде үйренеді. Шетелдіктердің Еуропа универ­ситеттеріне қарағанда Қазақстан университеттерін таңдауы – елі­міздің және ұлттық жоғары білім беру жүйесінің танымалдылы­ғының көрсеткіші. Бұл айтқаны­мызға дәлел болатын және бір жайт, Great Value Colleges ха­лықаралық ұйымының зерттеу нәтижесі бойынша әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 31-орынды иеленіп, әлемнің 50 техноло­гия­лық тұрғыда дамыған универ­ситеті құрамына енді. Рейтингте аталған қазақстандық ЖОО ТМД ғана емес, Шығыс және Орта­-лық Еуропа қатысушы-елдерінің жал­ғыз өкілі болғанын, сондай-ақ Сингапур, Жапония елдерімен қатар барлық Азия континентін таныстырғанын атап өтуіміз ке­рек. 
ЖОО дамуының сапалы көр­сеткіштерін бағалау саласының көшбасшысы – QS (Ұлыбри­та­ния) рейтингтік агенттігінің қо­ры­тындысы бойынша, ҚазҰУ әлемнің ең үздік 250 университеті қатарына еніп, 236-орынды иеленді. Айта кетсек, бұл топқа ТМД елдерінен екі ЖОО – Ломо­носов атындағы ММУ мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғана кірді. Осылайша, жетекші қа­зақстандық университет Орта­лық Азия мен ТМД-дағы тең­дес­сіз көшбасшылығын тағы да дә­лелдеді. QS сарапшыларының ұсыныстары бойынша ҚазҰУ тә­жірибесі әлемдегі үздік уни­верситеттерде зерттелуде. Бұл көр­сеткіш – әлемдік білім мен ғылым нарығында бәсекелес­тікке қабілеттіліктің айқын дә­лелі. 
Түркі халықтарының ха­лықаралық конгресі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық уни­вер­ситетіне «Түркі елдері арасын­дағы үздік ЖОО» атағын берді. Әлемнің алты академиясының академигі, Түркі халықтары ха­лықаралық конгресінің прези­денті, доктор Яхья Алиев бұл ше­шімнің 47 Түркі халықтары мен ұлыстарын біріктіріп отырған халықаралық конгрестің 2015 жылғы желтоқсан айында өткен отырысында бірауыздан мақұлданғанын атап көрсетті. 
Бүгінде ҚазҰУ-дың әлемнің озық технологиялық жоғары оқу орындары қатарына енуі оның халықаралық деңгейдегі зерттеу университетіне айналу жолын­дағы бағытының дұрыс екенін айқындайды. ҚазҰУ – құрамына 8 ғылыми-зерттеу институтта­рын, ғылыми-техникалық және гума­нитарлық бағыттағы 30-дан ас­там орталықтар мен зертхана­ларды біріктірген еліміздегі ең ірі ғылыми-ағартушылық жо­ға­ры оқу орны. Мемлекет қар­жы­ландыратын ғылыми-зерт­теу­лердің көбі ҚазҰУ-да жүзеге асы­рылады және бөлінген қар­жының 10%-ы жас ғалымдарды қолдауға жұмсалады. Универ­си­тет ғалымдарының жобалары ті­келей өндіріске енгізіледі, ал ғы­лыми жұмыстары Scopus және Thomson Reuters мәліметтер ба­за­сына кіретін жоғары рейтингті басылымдарда жарық көреді. ҚазҰУ – Thomson Reuters ха­лықаралық агенттігінің тарапы­нан «Ғылым саласында жеткен көрнекті жетістіктері үшін» атты арнайы дипломымен марапат­талған Қазақстандағы бірінші және бірегей жоғары оқу орны болып отыр.
Қазіргі кезеңде ҚазҰУ-да әлем­нің алдыңғы қатарлы ЖОО бағдарламаларымен салысты­-руға болатын, бірегей білім беру бағдарламалары жүзеге асыры­луда. Білім беру және ғылым­-ның интеграциясы шеңберінде университетте Hewlett-Packard, Microsoft, Cisco, Konika Minolta, FUJITSU, Samsung және т.б. дү­ниежүзіне белгілі компания­лар­дың ғылыми оқытушылық орта­лықтары және зертханалары құ­рылды. Шетелдік әйгілі AQUIN және ASIIN агенттіктерінің ал­дыңғы қатарлы технология­ла­рын, білім беру бағдарлама­-
ла­рын сәтті аккредитациясын енгізуіне, сондай-ақ акаде­мия­лық ұтқырлықтың белсенді да­муына байланысты университет шетелдік азаматтарды көбірек қызықтыруда.
Университетіміздің беделі отан­дық талапкерлеріміздің ор­та­сында да артып отыр. Мұны біз биылғы оқу жылында да Мем­ле­кеттік білім беру гранттарының саны бойынша ҚазҰУ дәстүрлі түрде бірінші орынға ие болды. Биыл ұлттық университеттің ба­калавриат бөлімінде 3071 студент мемлекеттік грант негізінде бі­-лім алады. Олардың көбі «Алтын белгі», ерекше аттестат иегерлері және халықаралық, респуб­ли­калық олимпиадалардың же­ңімпаздары.
Талапкерлерге қатысты уни­вер­ситеттегі жағымды жаңа­лық­тардың бірі – 2015 жылдың жел­тоқсан айынан бастап әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық универ­ситеті Ғылыми кеңесінің шеші-мі бойынша Медициналық фа­культет – Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебінің ашы­луы. Университетте халықара­лық стандарттар және жаңа ғы­лыми жетістіктер негізінде білім беру бағдарламаларының бар­-лық деңгейі – бакалавриат, ма­гистратура, резидентура, докто­рантура бойынша медицина­лық ғылыми мамандарды дайындау жоспарланған.

 

Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебі (ҚДСЖМ) ҚазҰУ-дағы он бесінші факуль­тет. Медициналық бағытты да­мы­­туда Азия мен әлемдегі же­текші жоғары оқу орындары бо­лып саналатын, Оңтүстік Корея бойынша үздік үштікке кіретін Сеул университеті мен Иёнсе уни­верситеті ҚазҰУ-дың серік­тестері болып отыр. Халықара­лық әріптестік негізінде ҚазҰУ Оңтүстік Корея университетін­-де магистратура және докто­ран­тура бойынша болашақ маман­дарды оқытуды, сондай-ақ қо­ғам­дық денсаулық сақтау және медицина дамуының өзекті мә­селелеріне байланысты бірлес­кен ғылыми-зерттеу жобаларын жасауды бастап кетті.
«Бүгінгі таңда ҚазҰУ әлемде smart деген терминмен атала­тын даму жолының жаңа саты­сына келді. Университеттің Аl-Fa­rabi university – smart city жаңа мо­делінің түп негізінде ұлы ға­лым әл-Фарабидің парасатты қала туралы ілімі жатыр. Әл-Фа­раби «Қайырымды қала тұрғын­дары» атты трактатында әділ әрі ізгілікті сипаттай келіп, оны қа­йырымды қала деп атаған. Ол жер­де оның басты белгілері ре­тінде рухани байлық және өмір сүруді жақ­сарту жолындағы әріп­тестік екені айтылады. Осы жер­ден қа­зіргі заманмен үндестік кеп шы­ғады: Заманауи универси­теттер жоғары рухани-адамгер­шілік дең­гейде және өнегелі даму жолын­да болуы керек.
Жаңа оқу жылының алғашқы күні ҚазҰУ-да студенттер мен тү­­лектердің Мәңгілік ел қақпа­сының ресми ашылу салтанаты өтті. Салтанатты қақпа – Мем­ле­кет басшысы, ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев­тың Мәңгілік ел идеясын бей­не­лейтін және Алматы қаласының тағы бір көрікті мекеніне, білім мен ғылымның символына ай­налатын ҚазҰУ қалашығы жаңа архитектуралық кешенінің ма­ңызды құрамдас бөлігі. Оның не­гізгі композициялық желісі қақпадан, әл-Фараби ескерт­кі­ші­нен, «Темір қазық» монументі мен «Тайқазан» су бұрқағы ор­наласқан алаңнан тұрады. Қа­ла­шық аумағын көркейтуде уни­вер­ситеттің орталық алаңын «өт­кеннен болашаққа ғылым жолы» қағидасымен салу жос­парланған.
ҚазҰУ студенттері өздерінің спорттық шеберліктері мен жеткен жетістіктері арқылы уни­верситетіміздің еліміздегі ғана емес, сонымен қатар халықара­лық аренадағы үздік оқу ордасы екенін тағы бір дәлелдеді.
Риодағы Олимпиада ойын­дарына Қазақстанның ұлттық құрамасында ҚазҰУ-дың 17 сту­денті спорттың 6 түрінен: жүзу, ауыр және жеңіл атлетика, дзюдо, еркін және грек-рим күресінен бақтарын сынады. Универ­си­теті­міздің студенттері Рио-де-Жа­нейродағы Олимпиада ойында­рында алтын жүлдені; Дмитрий Баландин – халықаралық дең­гейдегі спорт шебері, Азия чем­пионатының күміс жүлдегері, сондай-ақ Инчхонда өткен (Оң­түстік Корея) XVII Азия ойын­дарының брасспен жүзу әдісі бо­йынша үш дүркін алтын ме­даль иегері, күміс жүлдені; Елдос Сметов – дзюдодан әлем чем­пионы, халықаралық дәреже­дегі спорт шебері, қола жүлдені; Эльмира Сыздықова – ҚР ха­лықаралық дәрежедегі спорт ше­бері, Голден Гран-при – 2013 ха­лықаралық турнирінің күміс, 2014 жылғы Азия чемпионаты­ның қола жүлделерінің иегері. Осы жерде атап кететін бір үлкен табысымыз студенттік қалашық аумағынан жүзу бассейнінің ашы­луы болды. Олимпиада чем­пионы атанған Дмитрий Балан­дин ерлер арасында брасс әдісі­мен 200 метр қашықтыққа жү­зуден үздік көрсеткішпен жеңіс­ке жеткені баршамызға белгілі. Бұл – қазақ спорты тарихындағы Олимпиада ойындарында жүзу­ден алынған алғашқы алты­ны­мыз. Міне, оның осы ерен еңбегі еленіп, университет студентінің құрметіне бассейнге Дмитрий Баландин есімі берілді. 
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ғылыми кітапха­на­сында Тұңғыш Президент оқу залы ашылды. Мұндай залдың еліміздің үздік жоғары оқу орны қабырғасында ашылуының өзін­де үлкен тәрбиелік мән бар деп білеміз, себебі, Қазақстанның Тұң­ғыш Президентінің өмір жолы – Отанға шексіз қызмет ету­дің жарқын көрінісі және жас ұрпақ үшін патриоттықтың на­-ғыз үлгісі. 
Студенттер мен ғалымдар, әсі­ресе, Мемлекет басшысының ҚазҰУ-да және басқа да ЖОО-да оқыған дәрістеріне ерекше қы­зығушылық танытуда. ҚР Тұң­ғыш Президенті кітапханасы­-мен орнатылған ынтымақтастық нәтижесінде зал оқырмандарына оның санаулы материалдары да қолжетімді болып тұр.
«Керемет» студенттерге қыз­мет көрсету орталығы – оқу-ағар­тушылық, медициналық, заң­герлік, қаржылық және мә­дени қызметтердің бір терезе қағидасы бойынша студент жас­тарға арналған ресурсты орта­лық. Орталықтың инфрақұ­ры­лымы 7300 шаршы метрге орна­лас­қан және 8 павильоннан, 5 сек­тор мен бөлімдерден тұ­-рады. «Кереметте» әл-Фараби атын­дағы Қазақ ұлттық универ­ситетінің студенттері мен оқы­тушы-профессорлық құрамы­ның медициналық тексеруден өтуі үшін халықаралық Қазақ­стан – Корея диагностикалық орталығы ашылған. Емдеу мен кеңес беруді терапевт, гастроэн­теролог, бала дәрігері, оф­таль­молог, оториноларинголог, сы­нықшы-ортопед, невропатолог, кардиолог, уролог, акушер-ги­неколог дәрігерлер жүргізеді. Ор­талық назарынан жастар сая­саты мәселесі де тыс қалмаған. Жастар секторында келесі ны­сан­дар өз қызметтерін ұсынады: кинотеатр, кафе, кітап дүкені, әмбебап дүкен, фотостудия, fast-food, сұлулық салоны, киім жуа­тын орын.
ҚазҰУ-де Жас ғалымдар үйі ашылды. Бұл Қазақстандағы ма­гистранттар мен докторанттарға арналған алғашқы тұрғын үй ке­шені. Біздің кешен өзге уни­вер­­ситеттерге үлгі боларлықтай. Се­бебі, Қазақстандағы жоғары оқу орындарында мұндай тұрғын үй нысаны жоқ. Университет бас­шылығы жас ғалымдардың тұрғын үй мәселелесіне өте көп көңіл бөледі. Ал ол өз кезегінде са­палы кәсіби маман дайын­дау­-да оң нәтиже беруде.
ҚазҰУ-де шетел жоғары оқу орындарынан келген профес­сорларды ғылыми жетекшілік жасап жүрген студенттерімен бір­ге жұмыс барысындағы сәт­терін осы жерде жиі кездестіруге болады. Жалпы аумағы 4,5 мың шаршы метр болатын 500 орынға шақталған жас ғалымдар үйінде профессорларға арналған бөл­мелер де қарастырылған. Сол арқылы жастардың шығарма­шылық және ғылыми әлеуетін көтеруге септігін тигізетін ғы­лы­ми-зияткерлік орта қалып­та­суда.
ҚазҰУ-дегі әлеуметтік серік­тес­­тік қағидасын іске асыру фор­малары, негізінен, қоғамдық-кәсіби кеңестер мен қоғамдық комиссия түрінде құрылған. Әлеу­меттік серіктестік қағида­ла­рын жүзеге асыруда әл-Фараби атындағы ҚазҰУ жұмысшы­ла­рының «Парасат» кәсіподақ ұйымы, сонымен бірге, «Сұңқар» студенттер кәсіподағы тәрізді қоғамдық ұйымдар белсенді қызмет атқарып отыр. 
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде белсен­-ді азаматтық ұстанымы бар жас­тарды тәрбиелеп жатқан педа­го­гикалық тәлімгерлік институты өз жұмысын тиімді атқарып жа­тыр. Аталған мақсатқа сай уни­вер­ситет көлемінде ауқымды жо­балар қолға алынды. Олар: «Айналаңды нұрландыр!», «100 кі­тап», «Салауатты өмір салты», «Гринкампус», «Мен жас­тарға сенемін!» студент жас­тардың патриоттық фестивалі, Al-Farabi university – smart city және т.б. 
ҚазҰУ-дың әлеуметтік өмірін­дегі ең маңызды оқиға­лардың бірі 2016-2019 жылдар аралы­ғына арналған универ­си­тетіміз­дің әкімшілігі мен уни­верситет ұжымы арасындағы Ұжымдық ке­лісімшартқа қол ко­йылуы. Ұжым­дық келісім­шарт­тың ма­ңыздылығы мем­ле­кеті­міздің «Қа­зақстан – 2050» стра­тегиясы және Ұлт жоспары – бес инсти­туттық реформаны жүзеге асыру бойынша көрсе­тілген еңбек қа­тынастарын рет­теу мәселесінде. Ұжымдық келі­сімшарт, негізі­нен, әлеуметтік-экономикалық, өндірістік және қауіпсіз еңбек­пен қамтамасыз ету тәрізді мә­селелерді шешуге бағытталған құ­қықтық акт. Сон­дай-ақ ұжым­дық және жеке ең­бек даулары бо­йынша мүдделі жақтардың жанжалға жібе­рілмеуінің құ­құқтық тәсілдерін анықтауға және университет қызметінің барлық бағыттары бойынша дауласқан мүдделі жақтарды өзара келісімге келуін реттейтін құрал қызметін атқа­рады. Нәти­жесінде, 2016 жылдың наурыз айында, әл-Фараби атын­дағы Қазақ ұлттық университеті қыз­меткерлерінің «Парасат» кә­сіподағы бастамасымен «Жеке еңбек дауларын қарау тәртібін ретке келтіру үшін келісім ко­мис­сиясы» құрылып, Ұжымдық келісімшарт бақылауға алынды. Университет бойынша оқыту­шы-профессорлардың жұмсаған еңбегі мен танылған жұмыс­та­рына қарап еңбекақы төлеудің рейтингілік жүйесі іс атқаруда. Корпоративтік мәдениет бойын­ша маңызды құжаттар енгізілді. Олардың қатарына «Оқытушы­лар мен қызметкерлердің кор­пора­тивтік мәдениет кодексі» мен «Студенттің ар-намыс ко­дексі» кіреді. «Жемқорлықтан тыс университет» жобасының ая­сында басқарушылық қызмет бойынша жемқорлыққа қарсы механизмдер жұмыс істеп тұр. Сондай-ақ оқу үдерісіне жем­қорлыққа қарсы технологиялар енгізілді.
Айтар ойдың түйінін Қазақ­стан Республикасы Прези­денті­нің ресми сайтында жариялан­-ған «Ұлт жоспары – қазақстан­дық арманға бастайтын жол» ат­ты мақаладағы Елбасымыздың мына келтірген жолдарына сүйе­ніп аяқтасам деймін: Біз өзіміздің жаңа арманымызға қарай жа­қындауды Бес институттық ре­фор­маны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам – Ұлт жос­-парын жасаудан бастадық. Осы жаңғыртуларға шешуші рөл бе­ріліп отыр. Олар Қазақстанды, оның экономикасын, мемлекет пен қоғамды өзгертетін тарихи міндеттер кешенін шешуге даң­ғыл жол салады. Олар плане­та­дағы аса дамыған мемлекеттерді біріктіретін Экономикалық ын­ты­мақтастық және даму ұйымы­ның стандарттарына сәйкес ке­летін елді дамыту, экономикалық өсім мен барлық қазақстандық­тардың өмірін жақсарту үшін жаңа лайықты жағдайлар қа­лыптастырады. Біздің Қазақ­станы­мыз серпіндірек, лайық­тырақ, сенімдірек және дәулет­тірек болады». Иә, біз бұл мақ­саттардың орындаларына сене­міз. Тәуелсіз еліміздің білім мен ғылымның қасиетті ордасы са­на­латын әл-Фараби атындағы Қа­зақ ұлттық университетінде жаңа жетістіктерге жету жолындағы нақты қадамдарға деген ұмты­-лыс осының айғағы. 
 

 Т.МЕКЕБАЕВ, 
әл-Фараби атындағы 
 ҚазҰУ қызметкерлерінің «Парасат»  кәсіподағының төрағасы