Негізгі бет  /  мақалалар  /  Таудағы сирек сәтке жолыққансыз ба?

Таудағы сирек сәтке жолыққансыз ба?

Досжан БАЛАБЕКҰЛЫ
841
Таудағы сирек сәтке жолыққансыз ба? Тау шатқалында қалың тұманға кешқұрым жолықсаңыз-ерекше сәттің куәсі боласыз.

Ондайда шатқалды шарлаған ақ тұман ұясына батқан күн нұрымен ерекше құлпырып сала береді. Тамаша көріністі Іле Алатауның кез келген шатқалынан биіктен түсерде, тұманды күндері тамашалауға мүмкіндік туады. Мынау Кім асар шатқалында байқалған фантастикалық көрініс. Көз алдымызда "түстер симфониясы" тербеліп жатқандай. Ал биік қарағайлар болса, бұл құбылысқа паңдана қарап, мысқылмен күлгендей-ақ. 

Досжан БАЛАБЕКҰЛЫ (фото)

Алматы, Іле Алатауы