Негізгі бет  /  мақалалар  /  Обама қандай президент болды?

Обама қандай президент болды?

Айнұр Қазыкенова
1123
Обама қандай президент болды? Сонымен әлем көз тіккен АҚШ-тағы президенттік сайлау өтті. Жұрт саясаттан бір сыдырғы сауаты бар Хиллари Клинтон Ақ үйдегі таққа отырады деп үміттеніп еді, бірақ мінезі есерсоқтау, жартылай әпенді миллиардер Дональд Трамптың жолы болды.

Бірақ бүгінгі әңгіме АҚШ-тың ертең Дональд  Трампқа орнын босатып беретін  қара нәсілден  шыққан  президент Барак  Обама жайында.  Әлемнің көптеген аузы  дуалы  сарапшылары  Барак  Обама  «АҚШ-тың ең әлсіз президенті  болды»  дегенді айтады.  Расында  солай  ма? Әрине Таяу Шығысқа  байланысты  нақты  ұстанымы болмай  солқылдақтық  танытуы, Латын Америкасын уыстан шығарып алуы,  әрине  Обаманың  әлсіздігі  деуге  болатын шығар.  Бірақ Барак  Обама  өзіне тиселі  миссияны дұрыс атқара білді.  Сайлау алды  үгіт-насихат  бағдарламасында айтқандай  ол толықтай  болмаса да  Ауғанстан  мен Ирактан АҚШ  әскерін шығарды.  Нөмірі  бірінші   лаңкес Усама бен Ладеннің түбіне жетті.  Иранмен бітімге  келді.  Ядролық бағдарламасын тоқтатып, ол елге салған  санкцияны  алды. Ең бастысы, 1960  жылдан бері арақатынасты  үзген  Кубамен  дипломатиялық қарым-қатынасты  ретке  келтірді. Жартылай  болса да санкцияны алып  тастады. Бұл  Обаманың үлкен жетістігі.  Сондай-ақ  АҚШ үшін  сауда-саттық саласында аса қажет  (әлем экономикасын  бір уыста ұстап тұру  үшін десек  те  болады)  әзірге  12  мемлекет  кіретін Транстынық мұхиттық  (қазір жұмыс  істеп  тұр)  әріптестік  және Трансаталанттық   сауда  және  инвестициялық  (2017-2018  жылдардан бастап жұмысы басталады)  әріптестігін құрды. Бұл АҚШ-тың аса  ірі  алысты  көздеген стратегиялық жобасы. Бұл да  Барак  Обаманың тұсында  жүзеге аса бастады. Осылардың өзі-ақ Обаманың  өзіне жүктелген  міндетті  қал-қадірінше атқара білді  деуге келеді. «Не істей алмады, неге шамасы  келмеді?»  дегенге  келетін  болсақ, «Араб  көктемі»  атты  бұлғақ  арқылы  Солтүстік Африка  мен Таяу Шығыстағы біраз  елдің мемлекет  басшыларын тақтан тайдырғанымен,  оның орнына  тас-талқаны  шыққан  мемлекеттер  қалды. Олардың қазір АҚШ-тың ықпалына көшкені   шамалы. Сондай-ақ  Украина  үшін Ресеймен текетіреске  келді. Бұдан тыс   артына 20 триллион  долларлық қарыз қалдырды. АҚШ-тың «қара баласының»  қазіргі жағдайы  осы.

                                               Айнұр Қазыкенова