Негізгі бет  /  мақалалар  /  Галбадрах көш бастап тұр

Галбадрах көш бастап тұр

Ғалым СҮЛЕЙМЕН
988
Галбадрах көш бастап тұр 2016 жылғы маусымның қорытындысы бойынша қазақстандық балуан Отгонцецег Галбадрах ең үздік көрсеткішке қол жеткізген дзюдошы ретінде мойындалуда.

Аса жеңіл өнер көрсетіп жүрген жерлесіміз үстіміздегі жылы 10 жарысқа қатысып, соның барлығынан олжалы оралды. Атап айтсақ, аса ірі халықаралық додаларда 5 алтын, 2 күміс және 3 қола медальға қол жеткізді. Сол табыстарының арасындағы ең қомақтысы – Рио Олимпиадасының қола жүлдесі. Екінші орында аса ауыр салмақта айқасатын кубалық дзюдошы Ортих Идалис. Ол түрлі жарыстарда 7 рет (5 алтын+1 күміс+1 қола) жеңіс тұғырына көтерілді. Сондай-ақ үздік бестіктің қатарына америкалық Кэйла Харриссон (4+1+1), голландиялық Лариса Коренворд (4+1+1) және франциялық Мария-Ева Гахие сынды спортшылар еніп отыр.

Ерлер арасындағы ең үздік нәтиже румыниялық Даниэль Натя мен грузиялық Бека Гвинашвилиге тиесілі. Қо саңлақ 4 алтын мен 1 қоланы қоржынға салды. Үшінші орында – ресейлік Хасан Халмұрзаев (4+0+0).