Негізгі бет  /  мақалалар  /  Туды қоқысқа тастағаны үшін кешірім сұрады

Туды қоқысқа тастағаны үшін кешірім сұрады

Айқын-ақпарат
863
Туды қоқысқа тастағаны үшін кешірім сұрады Қостанай қаласында мемлекеттік туды қоқысқа тастап кеткен әйел халықтан кешірім сұрады. Бұл туралы ng.kz хабарлайды.

Әйел Сұлтан спорт кешенінде вахтер болып жұмыс істейді екен. Ольга Шумилова мемлекеттік ту қоқыс контейнеріне кездейсоқ тастадым деп отыр.
- Өмірімде бірінші рет осындай жағдайда қалып тұрмын. Не істеу керектігін де білмеймін. Халық алдында және өз ұжымымнан кешірім сұраймын. Ұжымды ұятқа қалдырғаным үшін қатты ұяламын, дейді әйел.
- Мен спортзалды жинастырып жүріп туды көріп қалдым. Оны қолыма алып қарап едім, матаға бояу тиген екен, сосын оны өзге қоқыстардың қасына қоя тұрдым. Маған күйеуім келді де, екеуміздің шұғыл түрде халыққа қызмет көрсету орталығына баруымыз керек болды. Барлық қоқысты асығыс ала шыққанмын. Ал онда не бар екеніне мән бермеппін. Дереу барып оларды қоқыс контейнеріне тастап кеттім, деп қосып өтті Ольга.
Ал Шумилов мекеме ішінде сағатқа жуық уақыт болған. Сосын барып ол өзге қоқыстардың қасына туды да қойғанын есіне түсіріпті. Алайда қайта келгенде туды таппаған. Ол негізі жалауды жуып-тазалауды ойластырған екен.
Ал ІІД-нің хабарлауынша, бұл жағдайға байланысты сотқа дейінгі тексеру әлі жүргзіліп жатып, сол себепті іс әлі соңына жеткен жоқ.
stan.kz