Негізгі бет  /  мақалалар  /  Қазақстанда қанша адам жоғалады?

Қазақстанда қанша адам жоғалады?

Берік БЕЙСЕНҰЛЫ
1598
Қазақстанда қанша адам жоғалады? Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің мәліметі бойынша, 2015 жылы Қазақстанда 2 992 адам із-түссіз жоғалып кетті.
  • -Олардың 2 524-і табылған, ал қалған 468 адам сол бойы табылмаған. 2016 жылдың 9 айында 2 634 адамға іздеу салынған, олардың 2 237-сінің қайда екені анықталса, 397-і әлі де іздеуде жүр, - деді ведомстводағылар.

Іістер министрлігінің мәліметінше, елімізде ер адамдар жиі жоғалады. Сондай-ақ, олар мұны ер адамдардың қызметтік іссапарларға шығып, жүк тасу және басқа да әртүрлі  жұмыстармен айналысумен байланыстырып отыр. 

Ведомстводағылардың мәліметінше, қазақстандықтардың арасында әлеуметтік желіде танысқан соң із-түссіз жоғалып кету деректері жиі кездеседі. Жастар, әсіресе, кәмелет жасқа толмағандар танысу үшін арнайы сайттарға кіріп, кездесуге барады. Олар бұл жайлы ата-аналарына айтпай кетіп қалады. 

  • -Жоғалып кеткендердің санына түрлі факторлар әсер етуі мүмкін. Қазіргі уақытта елімізде жоғалып кеткен адамдарды іздестіру шаралары заманауи технологиялар арқылы нақтыланған, - дейді минисрлік  өкілдері.

Расында да қазақстанда ғана емес әлемде де бұл проблема қазіргі кезде өткір күйінде қалып отыр. Мұның себебі неде? Қатыгез қоғамнан ба, қоршаған ортадан ма? Қалай айтқанда да, деректер алаңдатарлық жағдайда екені ақиқат. Жыл сайын Ресейде 120 мың адам із-түзсіз кетеді. Ең бір алаңдатарлығы, жыл сайын осы дерек 15 пайызға артып барады. Жоғалған адамдардың 80 пайызы ғана уақыт өтіп барып табылады. Неге? Олардың із-түзсіз кетуіне не себеп? Бірінші себебі, соғыс болып жатқан аумақтарға қатысты. Хабарсыз кеткен азаматтардың басым бөлігі соғыс болып жатқан аумақтардан үдере көшеді. Сосын байланыс үзіледі. Ағайын-туысқаннан айырылады. Әркім бас сауғалап, жан-жаққа қашады. Бір ғана мысал, 1980-2007 жылдар аралығында Иракта 1 миллионға жуық адам хабарсыз кетті. Өткен ғасырдың 90-жылдарының ортасында Югославияда тұрған 17 мың адам бір-бірінен хабарсыз қалды. Жарайды, бұл түсінікті, соғыс болған аймақтан бас амандығын ойлап, қашқандардың жайы. Ал тыныш, мамыражай жатқан мемлекеттерде де осындай оқиғалар кездеседі. Мәселен, Германияда жыл сайын 900 сәби із-түзсіз кетеді. Сонда адамдардың жоғалуы неге тоқтамай отыр? Мұны мамандар бірнеше себептермен байланыстырады: бұл лаңкестер мен арнайы қызмет орындарының ісі болуы мүмкін, жыл сайын құлдық саудасы өрістеп барады, ішкілік ішіп, қаңғыбастыққа салынатындар көбейді. Адам ағзасын сату да үлкен табыс көзіне айналып барады, екі аяқты пенделердің түсініксіз ағымға, сектаға кіруі жиілеп кетті.

Ақиқатында, жыл сайын әлемде 2 миллионға жуық адам жоғалатыны – өте алаңдатарлық жағдай. АҚШ-та да бұл мәселе күрделі. Ресми деректерге сенсек, АҚШ-та жыл сайын 1 миллионға жуық адам хабар-ошарсыз кетеді. Соңғы 27 жылда бұл дерек тіпті ұлғайды. Сарапшылардың зерттеуіне қарағанда, АҚШ-та хабарсыз кеткен адамдардың 65 пайызы бір аптадан кейін немесе он күннен соң табылып жатады. Мұның себебе неде?

Әрине, қоғамның ауыртпалығы мен отбасындағы ұрыс-керістер және азаматтардың ішкілікке, тағы басқа құмар ойындарға салынуының астарында осындай жағымсыз әрекеттер жатыр.

Сондықтан абай болғанның артығы жоқ.