Негізгі бет  /  мақалалар  /  Ғалымдар шатыр іздеп жатыр

Ғалымдар шатыр іздеп жатыр

Жолдасбек Дуанабай
960
Ғалымдар шатыр іздеп жатыр АҚШ үкіметі мекемеаралық командалық-штабтық оқу жаттығуын өткізді.

Бұл жолғы дайындық жерге көктен түсетін астероидтерден сақтануға арналды. Егер тосын оқиға бола қалса, жер шарының күлі көкке ұшқалы тұр. Ғалымдар да бір тықырдың таяп қалғанын жиі айтып жатыр. НАСА алып тастың жерге таяу жөңкіп өтетіндігін болжап отыр. Бұл деректер жұртты үрейлендірмеу үшін құпия сақталып отырған көрінеді. 
Жаттығу Калифорния аумағында өткен. НАСА-ның хабарлауына қарағанда, бұл 2020 жылғы 20 қыркүйекте жерге таяу маңда өтетін алып тастан сақтану мақсатында ұйымдастырылған. Көктен келетін тастың қай жерге түсуі мүмкін? Осы сұраққа жауап іздегендердің бірі орыстар. Сол себепті елдің ғалымдары тосын оқиғаны болдырмау үшін жұмыла жұмыс істеуде. Өйткені бұған дейін ресейліктерді бірнеше рет қайталанған оқиғалар үрейлерін ұшырған. Челябинскі, Тунгус метеориттері сөзімізге дәлел.
Енді ғалымдар астеройдтардан сақтану үшін жатыр жасау қажет деген пікірде, Бірақ ол қалай жасалады, оны кімдер пайдалануға мүмкіндігі бар? Осы жағы жұмбақ күйінде қалып тұр. 

Жолдасбек ДУАНАБАЙ